Открытый урок: «Әбділда Тәжібаев. «Толағай»»

Сабақтың мақсаты: ертегі дастанды өз бетінше түсініп оқуға жағдай туғызу, халық ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетіндегі образдардарын салыстыру.

Сабақтың міндеттері: әдеби шығармаларды мазмұндау, мінездеме беру

арқылы көркем, шебер сөйлеу дағдыларының дамуына жағдай туғызу,

батырлық, ерлік қасиеттерін бойына дарыту арқылы туған елін, жерін,

Отанын қадірлеуге тәрбиелеу.

Жабдығы: жұмыс парақтары, оқулық, дәптерлері, кестелер, мультимедиялық проектор.

І. Ұйымдастыру — 2 минут. Психологиялық ахуал.

Қолымызды қысайық,

Бестік баға алайық.

Басқа білім толтырып,

Үйге қуанып қайтайық.

Топтағы тәртіп ережелері:

-Көзіммен қараймын және көремін.

-Құлағыммен тыңдаймын және естимін.

-Алдымен ойлаймын, сосын айтамын.

-Сыныпта жалғыз емес екенімді білемін.

-Достарымның пікірлерін тыңдаймын.

-Уақыт тоспайды!

 

ІІ. Қызығушылықты ояту сатысы — 8 минут.

«Ой қозғау» стратегиясы.

Ақ сұңқар ұшар жем үшін,

Туады ерлер ел үшін…

Тоқтай алмай барамын

Ағайын туған ел үшін.

-Бұл өлең жолдарын естігенде, көз алдарына не елестейді?

-Бүгін өтетін тақырып неге байланысты болады деп ойлайсыңдар?

-Ол үшін кестелер беріледі, соны шешу арқылы жаңа тақырыпқа шығамыз

1.Дана

Сандарды өсу ретімен орналастырсаңдар, автордың аты шығады.

3542 183 2391402 82445 6348524102 113000 871342826
б Ә л д а і д
             

 

2.Жайна

Сөздерді алфавит ретімен орналастырсаңдар, автордың фамилиясы шығады.

бала гүл дала ана вагон ғарыш есік әке
ж б е Т і а в ә
               

 

 

 

3Алтынай

Апта күндерін ретімен орналастырсаң, шығарманың аты шығады.

сәрсенбі дүйсенбі жұма бейсенбі жексенбі сенбі сейсенбі
л Т ғ а й а о
             

Сонда бүгінгі өтетін тақырыбымыз Әбділда Тәжібаевтың «Толағай»

Сонда сабақ мақсаты қандай болмақ?

— Дастан дегеніміз не?

— Ертегі дегеніміз не?

ІІІ. Мағынаны ажырату сатысы-

Бейнекөрсетілім.

Әбділдә Тәжібаев туралы.

Ақын Қызылорда қаласында дүниеге келген. Көптеген газет журналдарда ,

баспада жауапты қызметтер атқарған. Алғашқы өлеңдері «Сыйлық» атты

жинақта жарияланған.

Бейнеролик « Толағай »  мультфилмі

 

Сөздік жұмыс.

Аңның сұсы басты – аңнан қаймықты, үрейленді

Күйрететін- сындыратын

Жұбайы- әйелі

Тасты уатты- тасты үкті

Көзін тікті -қарады

Аңғармапты -байқамапты

Арбасуға төзе алмады- шыдамады

Көк құрақтар -шөп

«Қонақ топтарға» отыру.

Өз бөлімін оқу.

Өз бөлімі бойынша бір сұрақ дәптеріне жазу.

Жұпта талқылау.

Бір біріне сұрақ қою арқылы тексеру.

ІҮ . Ой толғаныс сатысы

Семантикалық карта толтыру.

Әр кейіпкерге қатыстысына + таңбасын қойыңдар.

Шығарма кейіпкерлері Жолбарысты дөңгелетті, Ойнағандай шыр айналып Даңқы шыққан мерген екен Жеті жаста садақ тартты Ақша беті айменен тең Талай жерді көрген екен Көркінен де ақылы басым
Саржан   +     +  
Айсұлу       +   +
Толағай +   +      

Бағалау.

Үй жұмысы.

1- бата шығару

2- «Толағай» дастанының желісі бойынша сурет салу.

3- батырлар жыры мен ертегі дастанды Венн диаграммасына

салу .

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *