Открытый урок: «Әдепті қыз. Әліпби»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға әліпбидегі әріптердің  реті мен дұрыс оқылуын

меңгерту, оқу және жазу дағдыларын жетілдіру. Мәтінді  түсініп,

мәнерлеп  оқуға төселдіру;

Дамытушылық:  Оқушылардың  сөйлеу мәдениетін  жетілдіру, сөздік

қорын дамыту.

Тәрбиелік:  Оқушыларды достыққа, ұйымшылдыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: әліпби кестесі, ана тілі оқулығы.

Сабақтың барысы:

Бағдарлау-мотивациялық кезең (оқушылардың қызығу шылығын ояту).

Фильмнен үзінді.
Оқушылар назарымызды экранға аударайық.
— Бұл фильмді көргендерін бар ма? Кім бұл кинонын атын біледі?
«Менің атым Қожа» фильмі. Бұл балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың жазған кітабы желісі бойынша шығарылған кино.
— Осы көріп отырғандарыңыздай фильмдегі Қожаның мінез — құлқы, тәртібінен не байқадыңдар балалар?
Қожаның жасаған іс әрекеті әдептілікке жата ма?
— Жоқ, әрине. Жасап жүрген ісінің бәрі тәртіпсіздік, әдепсіздік.

Операциялық-орындаушылық кезең.

Оқулықпен жұмыс. 70-71 бет.

107-жаттығу:

  • Мұғалімнің мәтінді оқуы.
  • Оқушылардың кезекпен оқуы, рөлге бөліп оқу.
  • Мәтінмен жұмыс

1) Мәтін кім туралы?
2) Маржан қандай қыз?
3) Маржанды әжесі неге үйреткен?
4) Әжесі Маржаннан не деп сұрады?
5) Маржан әдептілігін кімдерге көрсетіп жүрді?
6) Ол атасына таңмен не деп айтады?
7) Атасы не деп жауап қатады?
8) Ертеңгі астың алдында атасына не дейді?
9) Атасы қандай бата береді?

Сонымен, әдептілік деген — ең әуелі сәлемдесіп, амандасудан басталады. «Сәлем – сөздің анасы» деп бекер айтпаған. Қандай орындарда болмасын, өзіңнен үлкен адамға сәлемдесу керек.
Ал өзіңнен кішіге қамқор болу керек. Бұл әдептіліктің ең бастысы.

Сөздік жұмысы:

Тілі шыққаннан бастап — сөйлей бастағаннан.

Құшып – құшақтап.

Әдептілік — ізеттілік, сыпайылық.

Төбет — тамаққа ықыласы.

Қане, әдептілік туралы қандай мақалдар білеміз?
«Сіз» деген — әдеп
«Біз» деген – көлік.

Әдепті бала ата анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата анасын қақсатар.

Әдепті бала, арлы бала
Әдепсіз бала, сорлы бала.

108- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөздерді әліпби ретімен жазу.

Толқ…н, қ…мырсқа. б…тақ. кепт…р, аңш…, ж…лға.

Сергіту сәті: (музыканың сүйемелдеуімен)

Бас бармақ бастық екен,

Сұқ саусақ сақтық екен,

Ортан қол ойшыл екен,

Аты жоқ саусақ тойшыл екен,

Ал шынашақ еңбекшіл қойшы екен.

Бастық басқар, сақтық сақтар,

Ойшыл ойла, тойшыл тойла.

Саусақтарды бүгеміз,

Саусақтарды бүреміз,

Бүгіп, бүріп саусақты

Ceргіп калдық, міне, біз.

Шығармашылық  тапсырмалар:

  1. Тақтаға қолында шар ұстаған қонжықтың суреті ілінеді. Оқушылар шарлардағы тапсырмаларды орындайды.

1-шар: Мектеп сөзінің әрбір әрпіне сөз құрап жазыңдар.

М -мысық

E — етік

K — кітап

T — тәтті

E — ешкі

П — парта

2-шар: Кроссворд шешу. Оқушыларға дәптер, сурет, кітап, партаның суреттері беріледі. Бұл заттарды орнына қойып жазу нәтижесінде оқушылар төмендегі крассвордты шешіп, жауабын табады.

    Ә        
    Р        
    І        
    П        

 

III. Рефлексиялық-бағалау кезеңі.

Жақсы бала болу үшін оқушы қандай болу керек? (оқушылардың ой-пікірін сұрау). Әдепті, ақылды, білімді, т.б.

Төмендегі екі бағанадағы сөздерді мағынасына қарай сызық арқылы сәйкестендір:

ақылды

Әдепті бала                 тәртіпті

білімді

Әдепсіз бала                 салақ

өсекшіл

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *