«Білімді ұрпақ тәрбиелеуде «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» педагогикалық технологиясының тиімділігі»

Рахимова Карлыга Бирликовна

преподаватель математики

СОШ №18 г.Экибастуз

«Халықты халықпен,

елді елмен теңестіретін – білім»

  М. О. Әуезов

 

Мемлекеттің болашағы білімді  ұрпақтың қолында. Білімді ұрпақты қалыптастыруда мемлекет ұстаздарға үлкен жауапкершілік артып отыр. Ұстаздың басты міндеті – жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажетті қабілетін қалыптастыру, дамыту және өз бетімен білім алуға, өзін — өзі дамытуға жағдай жасау. Ұстаз аталмыш міндеттерді жүзеге асыруда білім беру  жүйесінде  ақпаратты технологияны тимді қолданып, сапалы білім беруге ерекше көңіл бөлуі қажет. Сапалы білім оқушының сабаққа қызығушылығы болған кезде ғана жүзеге асады.

Сабаққа оқушының қызығушылығы не себепті төмен?  Дәстүрлі сабақтарда жаңа сабақты меңгеруде сынып оқушыларын толық  қамти алмаймыз, бірі — сабақты түсінбесе, екіншісіне бұл материал таныс, сондықтан оқушыға тыңдау қызықсыз , үшінші оқушы бір сарынды  сабақтан жалығады,  нәтижесінде орташа деңгейдегілер материалды  игеруге деген қызығушулығын жоғалтады, ал нашар оқушы белсенді болғанымен оқу үрдісіне ене алмайды. Мұның себебі- оқушылардың психологиялық тұрғыдан әртүрлілігінде. Есту, жазу, сезіне отырып көру арқылы қабылдайтын оқушылар үшін ҮӘЖ педагогикалық  технологиясы  және  мультимидиялық – оқулықтар өте тиімді.

Үшөлшемді әдістемелік жүйесімен сабақ өткізу барысында  барысында мұғалім- оқушы  арасында байланыс орнайды.

Ұстаздың басты мақсаты – мектеп қабырғасынан білімді, өз бетінше өмір сүретін шығармашыл азаматты шығару. Осы мақсатты жүзеге асыруда деңгейлік  технологияны тиімді қолдану орынды.

Қазіргі алға дамып бара жатқан ХХІ ғасырдағы қоғам үрдістері бүгінгі өскелең ұрпаққа қат – қабат міндеттер қойды. Солардың бірі білім саласында оқушыларға осы заманға сай білім жүйесі, білім әдістерімен сабақ беру.

Деңгейлік тапсырмаларға оқытудың ойындық формасын ұсынуға болады.

Оқытудың ойындық формасына кіретін әдістерге:

  • рөлдік ойындар;
  • конкурстар;
  • жарыстар;
  • тренингтер;
  • интеллектуалдық шолулар;
  • брейн-ринг т.б. іс – шаралар өз кезегінде оқушылардың осы пәнге деген ынтасын арттырары сөзсіз.

Тиімділігі – оқушыларды тапқырлықпен дәл, нақты логикалық ойлауға үйретеді.

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық шоуды ұйымдастыру тәсілі көбінесе өтілген материалдарға шолу жасау, қорытынды сабақтарға, жинақтау сабақтарына пайдалануға өте ыңғайлы. Өтілген сабақ тақырыптарын жинақтау кезінде оқушылардың арасынан тілек білдіруші немесе ең білімді деген оқушылар шығып, әрқайсысы жеке-жеке жалпы шоудың турлары бойынша сайысқа түсіп, ең көп сауаттылық, жігерлік, біліми белсенділігін танытып жеңіске жеткен дарынды оқушы жеңімпаз болып танылады. Бұл сайыстың тигізер тиімділігі – оқушыларды лидерлік қасиеттерге тәрбиелеу әрі танымдылық қабілетін арттыру.

Орта мектептердегі математика  сабақтарында педагогикалық технологияны интерактивті оқыту әдістерінде көбірек қолданып оқыту тиімді.. Бүгінгі замандағы педагог ғалымдардың ең озық жетістіктерін қазіргі күнгі модульдік блоктың оқу жүйесімен «Үшөлшемді әдістемелік жүйені» тиімді ұштастыра, байланыстыра отырып оқыту оқушыларды  эстетикалық тәрбиелеуде үлкен жетістіктерге жеткізеді.

«Бала дегеніміз – гүл, оған суды қалай құйсаң, ол солай қарай өседі» деп, ұлы педагог Сухомлинский айтқандай, кез келген дарынды, талантты, талапты оқушының бойындағы математика  пәніне деген ерекше қабілеттерді аша білу кезінде бұл технологияны ақпаратты түрде оқытудың берер тағылымдық – тәрбиелік мәні орасан зор екені даусыз.

«Үшөлшемді әдістемелік жүйе» технологияның басқа технологиялардан негізгі ерекшелігі:

Зерттеушілік әдіс арқылы өз бетімен білім алуға дағдыланады және әр оқушы мідетті түрде әр тақырып бойынша бағаланады. Ол үшін сабақтың соңында бірін бірі толықтырып, тереңдетіліп, күрделеніп отыратын үш деңгейлік тапсырмалар орындалады. Орындау барысында оқушы қабілетіне қарай тиісті балл жинайды. Бірінші деңгейдің барлық тапсырмалары дұрыс орындалса 5 балл, екінші деңгей үшін 4 балл, үшінші деңгей үшін 3 балл қосылып, барлығы 12 балл жиналса, ол «бестік» бағасына сәйкес келеді. Мүндай әр оқушымен әр пәннің әр тақырыбы бойынша кері байланысты  міндетті түрде жүргізіп, тиісті бағасын қою – оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясының айрықша белгісі мен басқа технологиялардан артықшылығы болып табылады.

Салдары:

1) екіліксіз оқуға кепілдік береді;

2)оқушының бір бағытта болса да қабілеті ашылады;

3)дарынды бала жан-жақты дауға мүмкіндік алады;

4)балл жинау арқылы оқуға деген қызығушылығы артады;

5) сондықтан, ҮӘЖ – денсаулық, психика сақтаушы технологиялар қатарынан табылады;

6)ҰБТ нәтижесі жоғары көрсеткіштер береді;

7)түлектер кәсіби бағдарланады;

8)өмір бойы өзіне қажетті білім ала алатын құзырлы тұлға қалыптасады;

Аталмыш технология мектептерде әр пәнде  кеңінен қолданыс табуда.  Оқушылардың  тақырыпты меңгеру деңгейін  арттыру арқылы олардың білім  сапасын артыруға болады. Жалпы, сапа  түсінігі  қол жеткен нәтиже  мен қойылған мақсаттың  қатынасы ретінде қарастырылатындықтан (В.П. Беспалько), олар бір ортақ өлшем бірлікпен өлшену керек, мысалы бұл технология жағдайында 12 баллмен өлшенеді.

Егер, оқушы тақырыпты меңгеру нәтижесінде тек алғашқы екі деңгейдің ғана тапсырмасын орындай алып, барлығы 9 балл жинаса (Нәтиже =9 балл), онда оның тақырыпты меңгеру сапасы төмендегі формула бойынша есептеледі:

 

Сапа = Нәтиже / Мақсат * 100% = 9 / 12 * 100% = 75%

 

         Әр тақырыптық нәтижелерді арнайы журналға тіркеп, оларды мониторинг бетіне бергілеп отырса, оқушының мектеп іргесінде  өткізген уақыттағы оның даму динамикасын үздіксіз қадағалап отыруға және оның болашақтағы  даму траекториясын болжауға (диагностика жасауға) мүмкіндік туады. Сондықтан оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу  арқылы Қазақстан Республикасы  білім беру жүйесін  дамыту  Мемлекеттік Тұжырымдамасы мен Бағдарламасын жүзеге  асыру барысында күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге болады деуге толық негіз бар, яғни:

1)  нәтижеге бағытталған бәсекеге қабілетті сапалы білім алуға жағдай жасалады;

2) білім беру жүйесінің дамуын болжауға және қадағалауға (мониторинг жүргізуге) қолайлы жағдай туады;

3) білім беру жүйесінің сапасын әділ бағалайтын Ұлттық бағалау жүйесі құрылады («қосу» әдісімен жүргізілетін 12-балдық рейтинг жүйесі).

Бұл  технологияның педагог кадрлардың да шығармашылық әлеуетін арттыруға, олардың кәсіби-құзіреттілігін қалыптастыруға ықпалы зор.  Себебі, мұғалім  технология талаптары бойынша құрастыратын болса, онда:

  • тақырыпты оқушы өз бетімен меңгеруіне арналған жетелеуші тапсырмаларды (бірінші бөлімде, яғни проблемалық ситуацияларды шешу бөлімінде);
  • ол тапсырмаларды кері байланыс кезеңінде (нәтижеге бағытталған бөлімде, яғни бақылау, түзету, бағалау бөлімінде) үш деңгейдің талаптарына сәйкес іріктеу барысында одан көп шығармашылық ізденіс жұмыстары қажет болады және зерттеушілік әдістің тәсілдерімен жүріп отыруға тура келеді. Олар: алғашқы жинақтау, яғни кіріспе – талдау, яғни салыстыру, ерекшелігін, ұқсастығын анықтау, басты идеяны бөліп шығару – соңғы жинақтау, яғни қортынды жасау және тақырып бойынша алған білім-білік дағдыны күнделікті өмірде кездесетін түрлі ситуацияларды шешуге арналған тапсырмалар жиынтығы. Олар оқушының құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталады.

        Зерттеулер көрсеткендей, педагогикалық жүйенің түбегейлік мақсаты біртіндеп жететін шағын мақсаттар тізбегі арқылы анықталатын болса, онда әр шағын мақсатқа сәйкес, өзара деңгейлік  байланыстағы көпдеңгейлі білім мазмұнын іріктеу керек. Қол жеткен әр аралық нәтиженің өзіндік өлшем бірлігі болады. Мұндай білім мазмұны оқушылардың білімді өз бетімен игеруіне бағытталған болуы керек. Бұл оқу процесін жоспарлаудың тек технологиялық тұрғыдан ғана емес дамыта оқытудың талабы екенін көреміз.

Қорыта айтқанда, әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес келетін білім берудің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету, өзін — өзін тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өзін- өзі дамытуға, кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге дайын, жеке қоғамдық мүдделерді үйлестіре білетін жан-жақты мәдениетті, шығармашыл, құзырлы тұлғаны қалыптастыруда үшөлшемді әдістемелік жүйені қолданудың маңызы зор екенін байқадық. Мен 2003-2004 оқу жылында Республикалық семинарда  үшөлшемді әдістемелік жүйе технологиясын  сабақта қолданып, 7 сыныпқа  жұмыс дәптерін  дайындап, тәжірибеммен бөлістім.  2006-2007 оқу жылында 7 сыныпқа арнап  модуль бойынша құрылымдық бағдарлама дайындап, оған деңгейлік тапсырмалардан тұратын бақылау, өздік, тест жинағын дайындадым. 2010ж. Республикалық әдістемелік  семинарда 7 сыныпқа дайындаған  әдістемелік кешеніме және білім беру үрдісінде оқытудың  «Үшөлшемді әдістемелік жүйені» өз тәжірибемде қолдану барысындағы шығармашылық жетістіктерім  үшін   алғыс хатпен және «Үйлестіруші функциясын орындауға құқылы екендігін растайтын»  сертификатпен марапатталдым. Қазір осы технология бойынша электронды оқулық,  электронды бақылау, тест  жинақтарын дайындап  жатырмын.

Қазіргі таңда электронды оқулықпен жұмыс барысында мұғалім- оқушы- автор арасында байланыс орнайды.

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. негізгі саты- білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Біздің міндетіміз — жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.

Қазіргі заманғы ғылыми- техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан- жақты жетілген, ақыл- парасатты, ой- өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу — қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.

 

 

                            Қолданылған әдебиеттер.

 

 

  1. Математика және физика. [3, 24 б.].

Ғылыми-әдістемелік журнал, №1. 2007 жыл.

 

  1. 2.  Қазақстан мектебі, Алматы №8 2013ж

 

  1. Қазақстанның жаңа үлгідегі мектебін құруына негіз болатыні жоба -«Үшөлшемді әдістемелік жүйе» педагогикалық технологиясы –/Ж. У. Кобдикова/ . [53, 74 б.]. 2010 ж
  2. 4. «Трехмерная методическая система обучения» Ж. А. Караев, Ж. У. Кобдикова 2010 год
  3. Психолого-педагогические проблемы компьютеризации обучения:

(Педагогичеекая наука — реформе школы). М : Педагогика, 1988. — 192 с.

Рубцов В.В., Мульдаров В. К, Нежнов П. Г.

  1. Оқыту-тәрбиелеу технологиясы .Ғылыми-әдістемелік журнал . [33, 34 б.]. №2. 2007жыл.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *