Дебаты на тему «ҰБТ-ның жаңа форматы тиімді ме?»

Омарова Гульзат Хамитовна

учитель математики

«Средняя общеобразовательная школа №1»

Түрі: Дебат /пікірталас/
Мақсаты:
1. Оқушылардың оқу -білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, өздігінен оқи білуге үйрету:
2. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарастырылатын тақырыпты тыңдай білуге тәрбиелеу;
3. Оқушыларда адамдық қасиеттер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу;
Әдісі: Сұрақ – жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Көрнекілігі: Тақырыпқа сай дидактикалық материалдар / сурет – плакаттар, құрал – заттар, презентация /

Дебатқа қатысушылар: ҰБТ –ны қолдаушы –«Парасат» тобы,  ал «Айқын» тобы- жаңа форматтағы емтиханды қолдайды. Екі фракцияда 3 спикерден болады.
Дебат барысы:
Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, қонақтар және оқушылар! Бүгін біз жоғары сыныптар аралығында өткелі отырған «ҰБТ-ның жаңа форматы тиімді ме?» атты дебатта бас қосып отырмыз. Қош келдіңіздер! Жалпы бүгінгі күні осы жаңалықтың біздің өмірімізде алатын орны қандай? «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей, осы мәселе бойынша екі жақтың пікірлерін тыңдап, өзімізге керектіні алып, осы сұраққа байланысты жауапты дебатта табуға тырысып бағайық!
Сонымен қатар бүгінгі ашық пікірталастың шарттарымен таныстырып өтейік.
1. Сәлемдесу;
2. Топтардың өздерін таныстыруы;
3. Тақырып өзектілігін ашу;
4. Аргументация (дәлелдер келтіру);
5. Сұрақтар қою;
6. Қорытынды;
7. Сарапшылардың қорытындысы.

Сайысымыздың ережесі:
1. Бос айтыс, тартыстан аулақ болу;
2. Қарсыласыңды қорқытуға әуес болмау;
3. Мысқыл сұрақтар қоюға болмайды;
4. Қарама- қарсы сұрақтарға берілген уақытты тиімді пайдалану;
5. Қосымша қойылатын сұрақтарға дайын болу шарт.

Бүгінгі дебатта талқыға салынатын басты сұрақтар:

  1. Жаңа формат, яғни емтихан түлектерге жүктемесі көбейіп кеткен жоқ па?
  2. Жыл сайын ҰБТ түлектерінің саны азаюда, ал емтиханда қалай болады деп ойлайсыңдар?
  3. Түлектерге психологиялық тұрғыдан қайсысы көбірек кері әсерін тигізеді?
  4. Алтын белгіге бітіретін түлектерге қай формат тиімдірек, ал үлгерімі төмен оқушыларға ше?

Бүгінгі пікірталасымыздың әділ, дұрыс бағалануы үшін ортамызда сарапшыларымыз бар. Таныс болыңыздар.
Сарапшылар (аудандық білім беру бөлімінің әдіскерлері, мектеп басшылары)

Жүргізуші: Ал, енді, құрметті қатысушылар, сіздерге сәттілік тілей отырып, дебаттың І кезеңін, яғни өзімізді таныстыруды бастайық!
І. Сөз кезегі қатысушыларға беріледі. Әр топ өздерін таныстарып өтсін.
ҰБТ жақтаушысы «Парасат» тобының кейсі (тұжырым)
Дефиниция:
Критерий:
Аргумент:

Емтихан жақтаушысы «Айқын» тобының кейсі (тұжырым)
Дефиниция:
Критерий:
Аргумент:
ІІ. Олай болса осы дебатқа байланысты қысқаша сюжетке назар аударыңыздар. (бейнетаспа қосылады)

 

Енді алғашқы сөз кезегін ҰБТ жақтаушысы «Парасат» тобының мүшесі
10 сынып оқушысы  ——-      , сөз кезегін өзіңізге береміз. Жаңағы диктордың сұрағын естіген боларсыз. Жаңа формат, яғни емтихан, түлектерге жүктемесі көбейіп кеткен жоқ па? Сіз қалай ойлайсыз? Регламент (3-5 минут).

11 сынып оқушысы «Айқын» тобының спикері   ……… бұл сұрақ бойынша сіздің ойыңызды тыңдауға әзірміз.
«Айқын » тобы «Парасат» тобына сұрақтарыңыз болса, 2 минут уақыт сіздердің еншілеріңізде, уақытты өз пайдаларыңызға асырыңыздар!

Осымен түсінікті болса келесі сұрағымызға көшейік.

ІІІ.Өздеріңізге белгілі жыл сайын ҰБТ түлектерінің саны азаюда, ал емтиханда қалай болады деп ойлайсыздар? Осы мәселе бойынша «Айқын» тобының спикері ———   сөз кезегі өзіңізде.
Ал қарсылас топ қояр сұрақтарыңыз болса, 2 минут уақытты өз
пайдаларыңызға асырыңыздар!
IV. Жүргізуші:Қосымша сауалдарға арналған уақытымыз аяқталды, ендеше келесі өзекті мәселеге  көшейік, осы сұрақта бірлесіп өз ойларыңызды ортаға салыңыздар. Қарастыратын мәселеміз «Түлектерге психологиялық тұрғыдан қай формат көбірек кері әсерін тигізеді?» Ендеше «Парасат» тобының мүшесі  ——-       , сөз кезегін өзіңізге береміз. Ал бұл мәселе жөнінде «Айқын» тобы не айтар екен?

Оқушылар бұл кезеңде өз пікірлерін айтады, оларды дәлелдейді, керекті фактілер, мысалдар, статистикалық мәліметтер келтіреді. Екі топтың спикерлері әр дәлел бойынша кезекпен- кезек сөйлейді.
Даудың басы дайрабайдың сиыры демекші, ережемізді сақтап, сабырға келейік. Демек, келесі сұрағымызға көшсек деген ұсыныс білдіргім келеді. Жалпы, алтын белгіге бітіретін түлектерге қай формат тиімдірек, ал үлгерімі төмен оқушыларға ше? Соңғы сұрақ болғандықтан қай топ өз пікірін айтқысы келеді?

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» деген екен. Білім қуған шәкірттерге осы бір бағаның маңыздылығы қандай? Екі топта өз пікірлерін қорытындыласын. Енді осы жайлы өз ойларыңызды айтсаңыздар.

Ендеше, сөз тізгінін сарапшыларға береміз.
Жүргізуші: Құрметті қатысушылар, ұстаздар мен көрермендер бүгінгі дебат пікірталас сайысымыз өз мәресіне жетті!
Сондықтан да, баға үшін оқымай, өздігімізден оқып білуге үйренейік!

Құрбылар, жақсылыққа көп талаптан,
Талаппен атың шықса, сонда мақтан.
Ақылды бала ешқашан бос жүрмес,
Біз айтқан әңгіме бос емес!

Қош сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *