Дидактические игры «Тіл дамыту»

Махсум Раушан

учитель казахского языка и литературы

КГУ «Средняя школа имени К. Шулембаева пос. Аксу г. Аксу»

Түсінік хат

 

Дидактикалық   ойындарды тіл дамыту сабақтарында  пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін дидактикалық ойындар  сабақтың  тақырыбына, мақсатына сай таңдалып алынады. Ұсынылып отырған дидактикалық  ойындардағы тапсырмалар: сөйлеудің екі түрі: монологтық және диологтық сөйлеуге арналған.

        Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес   дидактикалық  категория. Сонымен бірге  ойынды  мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті — ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын  дидактикалық   ойындар  арқылы жүзеге асады.

Ойынның  мақсаты — бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.

Міндеті — баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.

Дидактикалық   ойындар  — балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта  ойындарды  қолданудың түрлі жолдары бар.

Дидактикалық   ойындар  арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.

Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді.

Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.

Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.

Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, дайындық сыныптарында оқушылар сабақ үстінде  ойынды  көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын  ойындар  оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады.

2

Ойынның ерекшелігі

Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін ойын – өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады.

Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, мұғалім сабағын баланың қабілет-қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.

Оқушылардың ойын кезіндегі белсенділігі көбінесе жарыс нәтижесін дұрыс есепке алуға байланысты. Оқушылар ойындағы өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс. Ойын нәтижелерін есепке алу түрліше: әрбір дұрыс орындалған грамматикалық ойын үшін ұпай есептеу, әрбір ұтылыс үшін кем ұпай беріледі, оқушылар тақтаға жазылған тиісті команда бағанындағы сөз немесе сөз тіркестерін жазып отыру; ол сөздерді есепке ала отыру; қол көтеріп немесе тиісті орфограммалар жазылған карточкаларды көтеру арқылы білімдерін анықтау; жаттығуға жіберілген уақытты есепке алу.    Қорыта келгенде, ойын – балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл – өмірдің заңдылығы. Сондықтан да қазақ тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың оқушылардың ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор.

Ұсынылып отырған дидактикалық ойындардың мақсатына сәйкес, шарты нақты көрсетілді. Бұл ойындарды сабақта және сабақтан тыс уақытта пайдалану арқылы баланың тілін дамытуымен қатар ойынды өз шығармашылығымен жалғастыруға, ойын шартын дұрыс орындауға, онда белгілі бір нәтижеге жетуге, ұжымдық мақсатқа бағынуға, үлкендер мен балалар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға болады.

 

 

 

 

3

«Сандық» ойыны

  Мақсаты: балаларды берілген тапсырманы ойлана отырып шешуде тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу. Ойын шартын түсіндіріп, ондағы мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды дұрыс, анық айтуға үйрету. Сөздік қорын молайтып, тапсырманы орындауда достық, жолдастыққа тәрбиелеу.

   Ойын шарты: сандық ішіне салынған түрлі түсті асықтар. Асықтар қызыл, жасыл, сары түске боялған. Әр түске берілетін тапсырмалар әр түрлі. Тапсырмалар хатқалтаға салынады. Жасыл асық алған бала жұмбақ жасырады, шешкізеді. Сары асық алған бала мақал-мәтел айтады. Қызыл асық алған бала өлең оқиды.

 

«Сән ательесі» ойыны

  Мақсаты: балаларды суреттен көрген киімдердің аттарын атап, киімдер мен ұлттық киімдерді ажыратып топтастыруға, тапқырлыққа  шапшаңдыққа баулу.

 Көрнекілік: жаңаша киімдер, ұлттық киімдер, хатқалта.

 Ойын шарты: хатқалтаға салынған әр түрлі киімдердің үлгілері балаларға таратылып беріледі. Балалар киімдер және ұлттық киімдердің аттарын атап, оларды қашан, қайда киюге болатынын айтады. Ол сөздерге қатыстырып, сөйлем құрайды.

 

«Үй жануарлары» ойыны

Мақсаты: балаларды үй жануарлары мен төлдерді ажыратуға, олардың қимылын, қалай дыбыстайтынын айтқызу, оларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.

   Көрнекілік: үй жануарларының, төлдерінің суреттері.

   Ойын шарты: балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі. Олардың қалай аталатынын, қалай  дыбыстайтынын, қалай  күтуге  болатынын айтқызады. Сонымен  бірге олардың дене мүшелерін  де ататып, үй жануарлары туралы балалардың білетін жұмбақтарын шешкізеді.

 

                                            4

                                            «Телефон» ойыны.

     Мақсаты: естіген сөзді екінші балаға бұлжытпай  жеткізуге дағдыландыру, диалогты сөйлеуді жетілдіру арқылы сөздік қорын молайту.

Көрнекілігі: телефон

   Ойын шарты: телефон арқылы естіген сөзді басқа балаға жеткізесіңдер. Айтылған сөзді  құлаққа ешкім естімейтіндей етіп айтуымыз керек. Егер телефон үзіліп қалса, телефонды үзген бала айыбын төлейді. ( мыс: мақал, өлең, т.б. білгенін айтуға болады).

 

«Сөйлемді жалғастыр» ойыны.

    Мақсаты: балаларды берілген  тапсырманы мұқият тыңдап орындауға, сөйлемді жалғастыра  білуге, сөйлемнің неше сөзден құралғанын айтуға үйретіп, тапқырлыққа баулу.

  Көрнекілігі:  сөздер жазылған карточкалар.

  Ойын шарты: бір бала сөйлемнің басын бастайды, сөйлемді балалар аяқтауы керек.

Мысалы: Бақшада ойыншықтар  … .Менің үйде … . Мен бақшаға … . Ойынды тақырыпқа байланысты  өзгертіп отырып өткізуге болады. Сөйлемді балалар өздері бастап, өздері аяқтайды. Ойын соңында бір сөйлемнің неше сөзден тұратынын талдайды.

«Жер, су, ауа» ойыны

     Мақсаты:  балаларға  берілген тапсырманы тез шешуге, жылдам жауап беруге, ауада, суда не болатынын дұрыс айтуға төселдіру, қоршаған ортаға қамқорлық сезімін тәрбиелеу. Шапшаң жауап беруге баулу.

Көрнекілігі: асық.

  Ойын шарты: балалар дөңгеленіп тұрады. Бір бала ортаға шығып, балалардың кез келгеніне асықты лақтырып жібереді де, «жер», «су», «ауа» деген сөздің бірін айтады. Егер бала «жер» десе, асықты қағып алған бала жерде тіршілік ететін құстарды, адамдарды, өсімдіктерді атайды. Ал «су» сөзі айтылса, балық, балдырдың аты аталады. «Ауа» дегенде құстарды айтуы тиіс. Осылай ойын жалғаса береді.

5

«Қайсысы ұнайды?» ойыны

    Мақсаты: суреттен көрген заттарының атын атап, суреттеп, қайсысының ұнайтынын, не үшін ұнағанын айтқызу. Сөздік қорын молайту.

Көрнекілігі: жануарлар, жыл мезгілдерінің суреттері.

  Ойын шарты: әр түрлі суреттерді көрсетіп, олардың қайсысының ұнайтыны, не үшін ұнағаны туралы сұралады. Олардың  қай мезгілде бейнеленгенін айтқызу. Балалардың сөздік қорына жаңа сөздер енгізу үшін, тапсырманы түрлендіруге болады. Олар туралы  балалардың  білетін өлеңдерін айтқызуға болады.

 

«Қарама-қарсы сөздер» ойыны.

    Мақсаты: антоним сөздерді салыстыру жолымен балалардың  ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын  қарама-қарсы  сөздермен  молайту, зейінділігін арттыру.

    Көрнекілігі: доп, карточкалар.

   Ойын шарты: балалар бір-біріне кезекпен допты лақтырып, антоним сөздерінің бірін айтады. Ал допты қағып алған бала мұғалімге кері лақтырып, айтылған сөзге қарама-қарсы сөзді айтуы керек.

 

«Заттың атын ата» ойыны

   Мақсаты: заттарды көріп, сипаттау арқылы балалардың сезімталдығын дамыту, қоршаған орта жайлы танымдарын  кеңейту, сөздік қорын дамыту.

Көрнекілігі: ыдыс, көкөніс пен жемістердің суреттері.  

Ойын шарты: әр түрлі жемістер немесе көкөністер суреттері  және муляждар салынған ыдыстан бір бала осы заттардың бірін алады.Алған

затының атын атап, оны жан-жақты сипаттайды. Баланың көзін байлап, қоржыннан кез келген затты алғызуға болады. Бала оны сипалап, не екенін ажыратады да атын айтып, сипаттайды.

 

6

«Сөзге сөз қос» ойыны.

    Мақсаты: сөзге сөз қосып, сөйлем құрастыру арқылы баланың зейінін, шапшаң ойлауын дамыту.

Көрнекілігі: шар, алма, ойыншықтар.

  Ойын шарты: балаларды екі топқа бөліп өткізуге болады. Мұғалім сөз айтады, балалар сөзге сөз қосып, сөйлем құрайды.

Мысалы:

Алма                        .

Сәуле                                              .

Шар                                           .    .

 

 

 

«Мамандықтың бәрі жақсы» ойыны.

   Мақсаты: балаларды әр түрлі мамандықпен таныстыру. Еңбекті құрметтеуге дағдыландыру, өз еліне пайдалы азамат бола білуге тәрбиелеу.

   Көрнекілігі: мамандық иелерінің суреттері.

  Ойын шарты: суреттер тақтаға ілінеді. Балалар өздері қалаған мамандықтарын таңдап алып, сол мамандық және оның пайдасы туралы әңгімелейді.

 

«Кім жылдым» ойыны.

   Мақсаты: отбасы мүшелерін ажыратып, оларды дұрыс атай білуге машықтандыру. Балалардың сөздік қорын  байыту.

Көрнекілігі:  отбасы мүшелерінің суреттері, балалар суреттері, киім бетперделері.

  Ойын шарты: отбасы мүшелерін үлкенінен кішісіне қарай ататып, ретімен орналастырады. Балалар ат қоюдан жарысады. Өз топтарындағы балалардың аттарын жылдам ататуға үйренеді. Өздерінің достарын атайды.

 

7

«Ымдап жеткізу» ойыны.

 

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ өз арасында бір сөз таңдайды. (Мысалы, «рәміз» сөзі). Сол сөзді қарсы топтан біреуді таңдап, сол оқушыға түсіндіреді. Бұл оқушы сол сөзді өз тобына еш сөйлемей, тек ыммен ғана жеткізу керек. Ол үшін сол сөзге қатысты әрекеттерді көрсетеді. Оқушылар бұл оқушының жасаған әрекеттеріне қарап, қарсы топтың жасырған сөзін айта бастайды. Егер дәл тапса,  бір ұпай алады. Ал егер белгіленген уақытта таба алмаса, ұпай ала алмайды.

Келесі кезекте екінші топ дәл осылайша қарсы топқа сөз жасырады.

 

Ойын осылай жалғасып кете береді. Ойын соңында ең көп сөз тапқан топ жеңеді.

                                                                       

 

 

«Байқап қал» ойыны.

 

Бұл ойынға екі топтың балалары қатысады, топ басшылары үстел үстіне 15-20 ұсақ нәрселерді (қалам, түрлі ойыншық, кішкене сурет т.б.) қойып, бетін шүберекпен жабады, екі жағының да топ басқарушылары өзгелерге көрсетпей үстел үстіндегі нәрселердің тізімін жазып алады. Балаларға бір минут қаратқаннан кейін шығарып жіберіп, оларға көрген нәрсенің тізімін жазып келуді тапсырады. Қай топтың балалары үстел үстіндегі көрген нәрселердің түрін көп жазып келсе, сол топ ұтқан болып саналады.

 

 

«Кім тез?»  ойыны.

Интерактивті тақтада он екі суретті көрсеттім. Әр қатардан 4 оқушы сурет бойынша сөйлем ойлап айтты. Интерактивті тақтадағы суреттерді (қозы, аңшы, бор, нан, алма, бота, күн, қыз, сүргі, ай, тышқан) қатыстырып тез сөйлем ойлады. Қозы, аңшы, бор, нан т.б. сөздерден дыбыс құрамын, нан т.б. сөздерден дыбыс құрамын, буын санын айтты.

 

 

 

 

 

 

8

«Достасқан буындар» ойыны.

«Достасқан буындар». Қатар отырған оқушылар ауызша орындайды. Орындау тәртібі бойынша бірінші оқушы қа буынын айтса, екінші келесі буынын тауып сөз құрауы керек.

 

 

«Орамал тастау»  ойыны.

Бұл  ойынның  шарты: Сыныптағы қатар бойынша 2 топқа бөлдім. 2 топ арасы он адымдай белгіленген. Екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарға тұрады. Ойын жүргізуші қолындағы орамалын 1-ші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да «қала» — деп дауыстайды, ол қағып алып «шық» — дейді немесе «ны», «ға», «ның» — дейді. Сонда «қалашық», «қаланы», «қалаға», «қаланың» тағы басқа

сөздер шығады. Айтылған сөзге қосымша жалғау керек, мысалы: «ойын» — деп дауыстаса – «ойыншық», « ойынды », « ойындар » т.б. Орамалды қағып

 

 

алған ойыншы түбір сөзге қосымша жалғап немесе уақытында тауып айтылмай қалса, онда ортаға шығып өнер көрсетеді.

 

 

 

«Мұғалім қай жерде қателесті?»  ойыны.

Бұл  ойынның  шарты: Мұғалім тақтаға бірнеше жұрнақ жазады, ал сендер жұрнақ болмай тұрған сөздерді табасыңдар.

Мысалы: Жұмысшы, жазғы, т.б.

 

 

 

9

«Сақина салу»  ойыны.

  Қазақ тілі сабағында бір буынды, екі буынды сөздерді оқу, буындарға бөлу тақырыбын ашу үшін «Сақина салу» қазақтың ұлттық  ойынын  жүргіздім. Мен бір оқушының алдына сақина қоямын да «май» — деп дауыстаймын. Сақинаны алған оқушы «мыл», «шам» — деп дауыстайды. Сонымен маймыл, майшам, майда сөздері шығады. Айтылған бір буынға, екінші буын жалғау керек, мысалы: мы-сық, ма-са, ал-ма, жү-зім.

 

 

«Кім жүйрік» ойыны.

 

Екі оқушы немесе екі топ бір-біріне қарама- қарсы тұрады. Бірінші оқушы бір сөз айтады, екінші оқушы сол сөздің соңғы әрібінен басталатын сөз айтады.

Мысалы,

       1 – оқушы:  домбыра

2 – оқушы:  ақын

1- оқушы:   нота

2- оқушы:   айтыс

Сөздер белгілі тақырып бойынша болу керек: өсімдік, тағам, адам аты, жер аты т.б. және белгілі бір сөз табы болу керек: зат есім, етістік т.б.

Қай оқушы белгілі уақыт ішінде (уақытты ойын басында өздері таңдау керек.) айта алмаса немесе сол жерге айтылған сөзді қайталап қойса, жеңіледі.

 

 

 

 

«Егіз сөздер» ойыны.

Дидактикалық тапсырмаларды ойын арқылы берудің ең тиімділерінің бірі «Егіз сөздер» ойыны. Біріншіден бұл ойын сөздердің екі тілдегі аудармасын білуге көмектессе, екіншіден сол арқылы балалардың сөздік қорларын байытады. Ойынды керісінше ойнауға да болады.

«Егіз сөздер»

зверь – аң,                         подушка – жастық

пыль – шаң,                       урожай – астық

10

Зверь – аң,                        молодость – жастық

Закон – заң,                       начальник – бастық

 

Восемь – сегіз,                   три – үш

Близнец – егіз,                   сила – күш

Восемь – сегіз,                   голова – бас

Основа – негіз,                  камень – тас

 

Ойындардан бөлек мұғалімнің әрбір сабақтарда қолданатыны үлестірмелі кәртішкелер. Үлестірмелі кәртішкелер де балалардың жұмыс кезіндегі өздерінің жауаптылығына, қатесіз орындап, жақсы баға алуларына да әсер етеді. Олар да дұрыс, тиімді құрылғанды жақсы көреді.

1 – КӘРТІШКЕ

  1. Дауысты дыбыстарды қойып, көшір.

Қ…тар, қ…тар өседі

К…кті б…йлап көк терек.

К…ннің н…ры – т…сегі

Т…ла бойы к…кпеңбек.

  1. Дауыссыз дыбыстарды қойып көшір.

 

 

Қа.аз, кө.тем, а.аш, ша.ғы, ұш.ыш, көбе.ек, сыр.анақ, жұмы., жемі., биі., же.іс, пара., о.ушы, оры.дық, то.ыз, мы., қыр.үйек

 

2 – КӘРТІШКЕ

  1. Керекті әріптерді қойып, сұрақтарға жауап бер.

 

11

М.нау қандай к.тап? Сен неші.ші сы.ыпта оқ.сың? Сен қа. к.шеде т.расың? Сен неш.нші ж.лы т.ылдың?Әке.нің аты к.м ?

Шеше.нің аты к.м?

Тиісті әріптерді қойып, аудар.

Ү.рек не істейд.? Ү.рек суда ж.зеді К.тап қа.да жат.р? К.тап үст.лде жат.р Б.л не? Б.л – д.птер

 

3 – КӘРТІШКЕ

  1. Дауысты жіңішке дыбыстарды қойып, мәтінді аудар.

К.з к.лді. Жапырақтар сарғайды. Олар үз.л.п ж.рге т.сті. Балалар әр т.рлі жапырақтарды жинады. Оларды к.тап арасына салды.

Сөздерді оқып, аудар. Сөйлемдер құрастыр.

Тігінші, орындық, өсімдік, қызғалдақ, кекілік, жарыс, көгілдір, жұмысшы, бесінші, арық, екі мың жетінші жыл.

 

 

«Сен тұр, сен шық» ойыны.

 

  Ойынның мақсаты – әркім өз саусақтарын бұрын шығарып әкету. Ең соңында қалған саусақ иесі айып тартады.

Ең соңындағы бала үшін ұпай шартын ойнаушылар өздері келісіп белгілейді.

 

Бұл ойынды 3-4 бала ойнайды. Ойнаушы балалар барлық саусақтарын үселдің үстіне салып отырады. Ойынды алғаш бастайтын бала тек сол жақ

 

 

қолын ғана салады. Оң жақ сұқ саусағымен үстелдегі саусақтарды санап шығады: бір, екі, үш, төрт… . Бұдан соң өзі қалаған бір саусақтан бастап ойынның сан сөздерін айта береді:

Бірім- бір,

Екім – екі,

Үшім – үш,

Төртім – төрт,

 

12

Бесім – бес,

Алтым – алты,

Ауыр балтам,

Қалың қалтам.

Алтай – сәлтай,

Балақай – олақай.

Cен тұр ( бұл саусақ басын көтереді)

Сен шық (бұл саусақ алақанға қарай бүгіліп, саптан шығады).

Кезекте тұрған саусақтан бастап, тағы да әрі қарай жоғары сан сөздер қайталанылады да, 15- сөз: «Сен шық» дегенде 15- саусақ тағы да саптан шығады.

 

 

 

 

«Синонимін табайық»  ойыны .

Ойынды  «Синоним» тақырыбын бекіту сабағында немесе сабақтың мақсатына қарай өткенді еске түсіре отырып өткізуге болады.

Ойынның  мақсаты. Оқушылардың «Синоним» тақырыбынан меңгерген білімдерін тексеру, жылдам ой қорытуға баулу, сөздік қорын байыту.

Ойынға  синонимдік қатар түзуге болатын мақсаттағы сөздерді интерактивті тақтаға еңгіземін.

Ойынның  шарты. Оқушыларға бір уақыт аралығында синонимдік қатар тузу тапсырылады.

Ойын соңында синонимдік қатардан сөйлемдер құралады.

 

 

 

Не артық? ойыны

 

   Мақсаты: балаларды суретке қарап, оларды топтастыруға үйрету. Құстар мен жануарлардың жеке және жалпы аттарын айтқызу. Оларды қорғауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.

   Ойын шарты: үлгідегідей әр түрлі берілген суреттерден ненің артық екенін табу. Берілген суреттерді топтастырып, олардың жалпы атауын айтады. Неліктен артық екенін түсіндіреді. Жеке мен жалпы ұғым туралы түсініктерін бекітеді.

 

 

 

 

13

 

Қайсысы қайда тіршілік етеді? ойыны

 

   Мақсаты: суреттен көрген заттардың аттарын атап, олардың қайда өмір сүретінін айтқызу. Сөздік қорын молайту.

Ойын шарты: әр түрлі аңдар, құстарды көрсетіп, олардың  қайда өмір сүретіні сұралады.Олардың немен қоректенетіні айтқызады. Балалардың сөздік қорына жаңа сөздер енгізу үшін, тапсырманы түрлендіруге болады.Олар туралы балалардың білетін өлең, жұмбақтар айту.

 

 

 

 

«Қарап ал да есіңе сақта» ойыны

 

    Мақсаты: балаларды көрген суреттерді есіне сақтап, көз алдына елестете отырып, әрқайсысын ретімен атап шығуға, үй жануарларын, аңдарды және құстардың жалпы аттарын айтқызу. Оларды қорғауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.  

 

    Көрнекілігі: үй жануарлары, аңдардың, құстардың суреттері.

 

   Ойын шарты: әр түрлі суреттерді теледидардан көрсетіп шығады. Балалар бірінші суреттен үй жануарларын, екінші суреттен жабайы аңдарды атайды.

Үшінші суреттен құстарды атап шығады. Жалпы және жеке ұғымдарды бекітіп, оларға қамқоршы болу үшін не істейтіндері  сұралады.

 

 

 

«Жалпы атауын ата» ойыны

 

  Мақсаты: балаларға заттарды жеке-жеке таныта келе, ең соңында заттардың жалпы атауын бір сөзбен ойлана отырып шешу арқылы тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

 

   Көрнекілігі: жемістер, ойыншықтар, оқу құралдары, үй жиһаздары.

 

  Ойын шарты: мұғалім балаларға хатқалтаның ішіне салынған жемістер, ойыншықтар, оқу құралдары, үй жиһаздарының суреттері бар бірнеше сериялы дидактикалық материалдарды  таратып береді. Осы материалдарды жалпы атауына сәйкес топтастыру қажет. Өзінің топтағанын дәлелдеп айтуы тиіс.

14

Мысалы: алма, өрік, алмұрт жемістерге жатады. Өйткені олар-жеміс ағаштары.

 

 

                              

 

                               «Сөйлемді  жалғастыр» ойыны

  

  Мақсаты: балаларды берілген тапсырманы мұқият тыңдап орындауға, сөйлемді жалғастыра білуге, сөйлемнің неше сөзден құралғанын айтуға үйретіп, тапқырлыққа баулу.

 

   Көрнекілігі: сөздер жазылған карточкалар.

 

  Ойын шарты: бір бала сөйлемнің басын бастайды, сөйлемді балалар аяқтауы керек.

Мысалы: Мектепте оқу құралдары … . Менің үйде … . Мен мектепке … . Ойынды тақырыпқа байланысты өзгертіп отырып өткізуге болады. Сөйлемді балалар өздері бастап, өздері аяқтайды. Ойын соңында бір сөйлемнің неше сөзден тұратынын талдайды.

 

 

 

«Біздің көңіл күйіміз» ойыны

 

 Мақсаты: балаларды суреттегі бет-әлпет бойынша ым мен мимикаға байланысты көңіл күйді ажырата білуге үйрету. Көңіл күйді білдіретін сөздерді дұрыс айтқызу.

 

Көрнекілігі: әр түрлі мимикадағы балалардың суреттері.

 

Ойын шарты: бет-әлпеттің мимикасына қарап, көңіл күйді білдіретін сөздерді бөліп айтады. Сөйлем құрайды, әр түрлі көңіл күйді білдіретін сәттерді салу.

Күліп тұрған бала

Ренжіп тұрған бала

Аузын ашып тұрған бала

Аузын томпайтып тұрған бала

Қуанып тұрған бала

Қорқып тұрған бала

 

 

                              

15

                               «Тиісті торға орналастыр» ойыны

 

    Мақсаты: антоним сөздері туралы түсінік қалыптастыру. Заттың көлемін қарап, салыстырып талдау жасауға үйрету. Жабайы аңдар мен үй жануарлары, құстардың дене бітіміне қарап, әр түрлі торларға орналастыру, оларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: торлар, әр түрлі жануарлардың суреттері.

 

  Ойын шарты: хаиуанаттар бағынан әкелінген аңдар мен құстар, үй жануарларын торларға орналастыру қажет. Балалар пілді , түйені үлкен торға, қоян, тиін т.б. кіші торға орналастыруы керек. Бала неліктен олай орналастырғанын, яғни үлкен торға пілді, қоянды кіші торға орналастыру себебін түсіндіреді. Жануарлар туралы білетін жұмбақ, жаңылтпаш, өлеңдерін айтады.

 

 

 

«Көктем» ойыны

 

   Мақсаты: балаларды  берілген тапсырмаларды ойлана отырып шешуге, тапқырлыққа, төзімділікке баулу.

Ойын барысында жәндіктер, құстар, аңдардың атын дұрыс, анық айтуға үйрету. Сөздік қорын молайтып, тапсырманы орындауда достыққа, қамқор болуға тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі:  жәндік, құс, аңдардың суреттері.

 

  Ойын шарты: теледидардан көктем мезгілінің суреті көрсетіліп, көктемдегі өзгерістер туралы айтқызылады. Балаларға құс, жәндік, аңдардың суреттері таратылады. «Жәндіктер» кімде дегенде, жәндіктердің суреті бар балалар орындарынан тұрады. Онан кейін құстар да, аңдар да топтасып орындарынан тұрады. Балалардың сөздік қорына жаңа сөздер енгізу үшін, тапсырманы түрлендіруге болады. Олардың тіршілік ететін жерін, немен қоректенетіндігін айтқызу.

 

 

 

«Гүл» ойыны

 

 Мақсаты: балаларға гүл күлтелерінің  түстерін атату. Сөз, сөйлем құрастыру арқылы баланың ойлау, есте сақтау қаблеттерін дамыту.

 

16

  Ойын шарты: гүл күлтелерін бес түрлі түспен бояу. Әр күлтеге гүлдің қандай екендігін білдіретін бес сөз тіркесін ойлату.

 

 

 

Бұл киімдерді қай мезгілде киеді? ойыны

 

 Мақсаты: әр жыл мезгілінде қандай киімдер киетінін баяндату арқылы сөздік қорларын  молайтып, ауызекі сөйлеуге баулу.

Ойын шарты: оқушылардың алдына әр жыл мезгілінде киетін киімдердің суреттері таратылады. Суреттегі киімдерді қай мезгілде киетіндігін айтқызу.

 

 

 

 

«Заттарды топта» ойыны

 

Мақсаты: суреттегі заттарды топтату арқылы ойлау қабілетін дамыту.

Ойын шарты: суреттерге қарап, заттарды топқа бөлу және олардың жалпы атауларын атау.

 

 

 

 

«Үй құстары» ойыны

 

  Мақсаты: балаларды үй құстары  мен  балапандарын ажыратуға, олардың қалай дыбыстайтынын, олардың қайда тіршілік ететінін айтқызу. Оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: үй құстарының, балапандарының суреттері.

 

 Ойын шарты: балаларға үй құстарының суреттері таратылып беріледі. Олардың қалай аталатынын, қалай дыбыстайтыны айтқызылады.

 

 

 

 

«Жеке атауын ата» ойыны

 

  Мақсаты:  көкөністердің аттарын жеке-жеке атап, түстерін, пішіндерін ажырата білу. Жалпы мен жеке атаудың мағынасын түсіндіру.

 

17

Көрнекілігі:  көкөністер суреттері.

 

 Ойын шарты: балаларға  себеттегі көкөністерді жеке-жеке алып, оның атын, пішінін, түсін ажыратып айтқызады. Таратылған муляждар бойынша көкөніс аттарын атайды. Жалпы және жеке атауды салыстырады. Жеке көкөністерді себетке салады. Неліктен көкөніс деп аталатынын айтады.

 

 

 

 

Нан қалай жасалады? Ойыны

 

     Мақсаты: балаларға нанның жасалу жолын түсіндіру. Нан жасауға қатысатын адамдар еңбегін бағалау, қадірлеуге тәрбиелеу. Нанды құрметтеуге үйрету.

 

Көрнекілігі: нан, бидай масағы, ұн.

 

 Ойын шарты: нанның дастарқанға келгенге дейінгі жолын көрсетіп, онда жұмыс істейтін адамдардың еңбегі көрсетіледі. Балалар күнделікті жеп жүрген нанның үлкен еңбекпен келетінін білетін болады. Нан туралы ойларын кезек-кезек айтып шығады.

 

 

        Бұл қай мезгіл?

 

  Мақсаты: күз мезгілінің ерекшеліктері мен өзгерістерін ажыратып  айтқызу. Сөздік қорын байыту.

 

Көрнекілігі: күзгі жапырақтар, суреттер.

 

  Ойын шарты: күзгі бау-бақшадағы жемістер мен көкөністердің аттарын атап, пішіндерін, түстерін ажыратады. Күздегі егін жинауды  өмірмен байланыстыра айтады. Күзгі жапырақтардың түстерін ажыратады. Олардың ерекшеліктеріне тоқталады. Күзгі ауа райының ерекшелігін айтады.

 

 

 

 

«Қысқы тіршілік» ойыны

 

     Мақсаты: қыстап қалатын құстардың жеке атауын ататып, оларды ажырата білуге үйрету. Сөздік қорын дамыту.

18

Көрнекілігі: қысқы орман көрінісі, құстар суреттері.

 

   Ойын шарты: балалар жалпы құстардың ішінен қыстап қалатын құстардың аттарын жеке-жеке атап, оларды тауып, орман ағаштарына орналастырады. Ол құстардың қалай дыбыстайтынын ажыратады. Қыстап қалатын құстар тіршілігі туралы ойларын айтады. Қыстап қалатын құстарға қандай қамқорлық жасауға болатынын айтады.

 

 

 

 

«Дастарқан мәзірі» ойыны

 

    Мақсаты: балаларды тағамдардың жалпы және жеке атауын ажыратып атай білуге үйрету. Дастарқан мәзірін жасауда қажетті заттарды айтқызу арқылы сөздік қорын байыту.

 

Көрнекілігі: дастарқан, оған қажетті заттар, тағам түрлері.

 

   Ойын шарты: балаларды топқа бөліп таңертеңгі және түскі асқа қажетті тағамдарды айтқызып, дастарқан мәзірін жасатуды жарыс түрінде жүргізу. Балалар дастарқан мәзірін  даярлау кезінде, тағам туралы білетіндерін айтып отырады. Тағамдарды қажет үстелге орналастырады.

 

 

 

 

«Ыдыстарды толықтар» ойыны

 

   Мақсаты: ыдыстардың аттарын атап, оларды толықтыруға қажетті құралдарды тапқызу. Ыдыстардың жалпы және жеке атауларын меңгерту.

 

   Көрнекілігі: келі, келсеп, күбі, піспек, торсық, шәйнек, қазан, қақпақтар.

 

  Ойын шарты: ыдыстардың аттарын ажыратып, оларды толықтырады. Оларды қандай тамақ дайындалатыны, сақталатыны айтқызылады.

Мысалы: торсықта қымыз сақталады.

 

 

                                             «Жайлауда» ойыны      

 

   Мақсаты: балаларды  жайлаудағы тіршілікпен таныстыру. Жайлаудағы табиғат ерекшеліктерін айтқызу.

19

Көрнекілігі: жайлау көрінісі бейнеленген суреттер.

 

  Ойын шарты: балалар жайлаудағы көріністі бейнелейді. Жайлау көрінісіне қажетті заттардың атын атап,  орналастырады. Олар туралы білетіндерін айтады. Жайлаудағы табиғатты суреттейді.

Самаурын, сандық, әже, сырмақ, киіз үй.

Қой, қозы, жылқы, құлын, сиыр, бұзаулар.

 

 

 

«Орнын тап» ойыны

 

   Мақсаты: балаға өз бөлмесіне қажетті мүліктердің аттарын айтқызып, суреттен таба білуге үйрету. Өз бөлмесіндегі мүліктерді  ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. 

 

  Көрнекілігі:  бөлме, үй мүліктерінің суреттері.

 

  Ойын шарты: балалар үй мүліктерінің ішінен өз бөлмесіне қажетті заттарды ажыратып орналастырады. Үй мүліктерінің атауларын айтады. Оларға байланысты білетін өлеңдерін айтады.

Кітап, сағат, диван, үстел, компьютер, орындық, аквариум, ойыншық машина, кілем төсеніш, қуыршақ, төсек.

 

 

 

«Балабақша» ойыны

 

     Мақсаты: балабақша қызметкерлерін және оларға қажетті құралдарды дұрыс атап, ажырата білуге үйрету.

 

Көрнекілігі: тәрбиеші, аспазшы, дәрігер және оларға қажетті заттар.

 

    Ойын шарты: мұғалім, дәрігер, аспазшыға керекті құрал-жабдықтардың аттарын атап, топтастырады.

Мысалы: мұғалімге кітап, қалам, дәптер керек.

 

 

 

«Балық аулау» ойыны

 

  Мақсаты: сұрақтарға  жауап бергізе отырып, логикалық ойлау қаблетін дамыту.

20

Көрнекілігі:  балықтар, қармақ.

 

  Ойын шарты: балалар қағаздан жасалған балықтардағы тапсырмаларды орындайды. Өздері білетін жұмбақ, өлең, мақал-мәтелдерін айтады.

І тапсырма. Қандай балықтарды білесің?

ІІ тапсырма. Балық қайда болады?

ІІІ тапсырма. Балық туралы не білесің?

ІV тапсырма. Өз сыныбыңда қандай балықтар бар?

V тапсырма.  Балықтарды күту жолын ата?

                                 

 

 

 

«Жасырын тұрған сөздерді тап» ойыны

 

П О К І Т А П
А Я Л О М Қ Х
Р Э Б О Р А С
Т А Қ Т А Л У
А П Р К Ц А Р
Ө Т В Ы Ф М Е
С Ы З Ғ Ы Ш Т

 

 

 

 

«Сөз құрастыр» ойыны

 

Сүт – түс                                                 Қына — анық

Лас – сал                                                 Азат — таза

Көш – шөк                                              Таға — ағат

Қас – сақ                                                 Қыран — нарық

Мыс — сым                                               Тымақ – қамыт

 

 

 

 

 

 

21

 

«Жануарлардың атын тап» ойыны

 

 

С И Б А У З А
Р Ы У З Қ О Р
Т Ы С Ы Ж Ы Л
И Т У Қ З Ы Қ
Ш Е Й Р А Қ І
Ә Т К Е Е Ш К

 

 

 

 

 

 

 

«Қ – сөз туымы» ойыны

 

 

Қ        
Қ        
Қ        
Қ        
Қ        
Қ        
Қ        
Қ        
Қ        
Қ        

 

  1. Құстың ұшу дене бөлігі
  2. Ақсақал, қарт.
  3. Жұмсақ сөзінің антонимі
  4. Құс
  5. Адам аты
  6. Қоршау
  7. Киім бөлігі
  8. ….. қанша? Неше?
  9. Асқабақ тұқымдас бөлігі.
  10. … Кәрім

 

 

 

 

22

 

Сөзжұмбақ  шешу:

 

    К        
      Ө      
      К          
            Т    
    Е      
    М        

 

 

 

 

  1. Тиіскенді түйреген,

Киімі бар инеден.

  1. Қара үңгірде қара тас,

Жанғанда бетті қаратпас.

 

  1. Үй ішінде бөлме,

Бөлме іші көлде.

Түрлі ұсақ балып,

Жүзді сайран салып.

  1. Айдалада ақ отау, аузы, мұрны жоқ отау.
  2. Қос мүйізді, төрт сирақты,

Сыйлайды балдай ақ бұлақты.

  1. Жолбарысқа ұқсайды, тышқанды ғана ұстайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23

 

Анаграмма   К дыбысына.

 

 

 

К        
К        
К        
К        
К        
К        
К        
К        
К        
К        

1.Тағам түрі

  1. Ас үй құралы
  2. Өз атын өзі шақыратын құс
  3. Өткел
  4. Білімнің айнасы
  5. Қара алтын
  6. Қыз есімі
  7. Жамылғы
  8. Қоянның іні
  9. Тасымалдаушы.

 

 

 

 

«Жануарлар кеңесі»

Тапсырма: жануарлардың аттары арқылы сандарға жасырылған әріптерді тауып, берілген нақыл сөзді оқимыз. Берілген суреттерден кірпі, қасқыр, түлкі, маймыл, қоянның аттарын таптық.

Криптограммалардың тиімділігі сондай, жұмыс істеуге енжар балалардың өздері де қалай кірісіп кеткендерін білмей қалады. Яғни «құпия хатты» оқуға тырысады.

Сонымен бірге грамматикалық тапсырмалары бар «Әлемдегі қалалар» ребусын да дыбыстарды қайталау кезінде қолдануға болады.

 

 

Грамматикалық тапсырма: қала аттарын алфавит бойынша дәптеріңе жаз.

Ребустарды шешу де балаларға өте қызық бұл балалардың шаршауын

 

 

 

ми қозғалысын демалдырады.

Фонетика сабақтарын лингвистикалық сұрақтар да түрлендіре алады. Мысалы өлең арқылы балаларға сұрақ қойып, сөздерді тауып отырамыз. Мысалы: Мені табу өте оңай,аппақ сусынмын балақай. (сүт)

Ал керісінше оқысаң, ұйықтаса көрер әр адам. (түс).

 

24

«Құрылысшы» ойыны.

Ойынның мақсаты: ойын арқылы балалардың есте сақтау қабілеттері дамып, тез ойлап, тез айту қабілеттері артады, сөздік қорлары ұлғаяды. Ойынның ойналу әдісі: тақтаға құрылыс материалдары ретінде қатаң, ұяң, үнді дыбыстары жазылады. Осы дыбыстарға сай келетін дауысты дыбыстарды таңдау арқылы сөздер құрастырады.

Мысалы: қ, р, л, ғ, ж, ш, т, с, з, б, м.

Сөздер: қар, қас, қара, қал, қарға, қарлығаш, аға, ағаш, ат, тас, таза, әлем, түзу, сөз, сүт, түс, білім, әже, ет, тізе, тіс, бет, ер, жер, су т.б.

Ойынның нәтижесі: балалардың шапшаңдығын, тез ойланып, тез жауап беруге дағдылануын қалыптастырады. Оқушылар бұндай тапсырмалардың көптеген викториналарда, сайыстар мен КТО-ларда қажет болатынын түсінеді.

 

 

«Біз де » ойыны.

 

     Мақсаты: баланың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту, зейінділігін арттыру.

 

Ойын шарты:  ойын жүргізуші ортаға шығып, өзінің ойын айтады.

 

Ойынға қатысатын балалар қаз – қатар отырады.

Ойын бастаушы бала жұрт алдына шығып, әңгіме айта бастайды.

Егер бастаушы балалар қосылатын сөз айтса, басқалар «біз де» деп, қосылып айтады да, балалардың қосылмайтын сөзі болса, «біз де» деуге болмайды. Байқамай қосылып, әлгі сөзді айтып қалған бала ойынға қатысушылардың тілегін орындап, айып тартады. Айыптан ән салып, не тақпақ айтып, не билеп құтыла алады:

 

Ойын жүргізуші:

 

-Мен көлге барам.

Балалар:

-Біз де!

 

 

 

25

Ойын жүргізуші:

-Онан үйрек ұстап алам.

Балалар:

-Біз де!

 

Ойын жүргізуші:

-Үйректің жарымын күшігіме берем.

Балалар:

Біз де.

 

 

Ойын жүргізуші:

-Күшігім жейді.

Осы кезде біреу: «Біз де», деп қалса, ойын тоқтайды. Әлгі қателескен бала айып тартады. Бұдан соң, ойын қайта басталады. Ойын жүргізуші сөздерді ары қарай өзі құрай береді.

 

 

 

 

«Толықтыр» ойыны

 

Быстро – тез,                                                   Медленно – баяу,

Пять — … .                                                       Пешком — … .

Вчера – кеше,                                                Поэт – ақын,

Сколько — … .                                                 Близка — … .

 

 

 

 

 

«Толықтыр» ойыны

 

Зола – күл                                 Ты – сен,                         Пшено – тары,

Цветок — … .                               Я — … .                           Желтый  — … .

 

 

 

26

«Кімде?, Неде?» ойыны

 

Аязата (-да, -де)                        мұз (-да, -де)

қар (-да, -де)                              сырғанақ (-та, — те)

жел ( -да, — де)                           қыс (-та, -те)

 

 

 

 

 

 

 

«Сөйлем құрастыр» ойыны

 

 

 

… жүреді.

Адам                         … ұстайды.

… көреді.

… естиді.

 

 

                                                             

 

 

«Өлең құрастыр»

 

К …ктем, к…ктем!                                                  Қ…р су болып жөнелді,

Н…рын төккен.                                                 Қ…лды дала жалаңаш.

К…тіп ем көптен,                                              К…н  нұрына к…нелді,

К…лді ғой көктем.                                            Б…ршік атып бар ағаш.

 

 

 

 

«Жұмбақтар шеш» ойыны

 

Шәкіртке жанашыр,                                   Күнді бар да, түнде жоқ,

Мейірбан кім, жаны асыл?                         Онсыз өмір мүлде жоқ.

 

 

 

27

 

Қабақ-қабат  қатталған,                                   Тал басында – тамаша үй.

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін.

 

 

 

 

«Жатқа жаз» ойыны

 

Отан – алтын бесік.                               Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

 

Отан оттан да ыстық.                            Отан – отбасынан басталады.

 

 

 

 

 

 

«Толықтыр» ойыны

 

Крупинка – түйір,                                                       Шаг – қадам,

Корова — … .                                                                 Человек — … .

 

Мальчик – бала,                                                         Раздели – бөл,

Город — … .                                                                  Озеро — … .

 

Надо – керек,                                                              Свободный – бос,

Тополь — … .                                                                Друг — … .

 

Ива – тал,                                                                   Много – көп,

Мед — … .                                                                    Трава — … .

 

Народ – халық,                                                         Иди – бар,

Рыба — … .                                                                   Снег — … .

 

Дядя – көке,                                                               Суп – көже,

Отец — … .                                                                   Бабушка — … .

 

 

 

 

 

28

«Әріп таңда» ойыны

 

“Б”  Бауыржан батыр болған.

Бекзат байқамай бақбақты басты.

Берік Бекжанға бауырсақ берді.

 

“К” Кәрім көк  кимоно киді.

Көркем көршісіне көмектесті.

Көкем Көкшетаудан келді.

 

“Ж”  — ?

 

 

 

 

Барлық сөзі бірдей әріптен басталатын

мақал-мәтел, нақыл сөздер жазу:

 

 

  1. Б…б…б… Білімді бәрін біледі

  2. А…а…а… Ақымақтың аузы ашылар
  3. Ж…ж…ж… Жақсылыққа жақсылық жаса
  4. С…с…с… Сыпайы саспай сөйлейді

  5. Ы…ы…ы…
    Ырыс ынтымақты ықыластан

 

 

 

 

 

«Буыннан сөз құра» ойыны

 

Ба, да, қа, са, саз, кө, ға, та, бо, би, ән.

 

 

 

 

 

 

29

 

«Сөз құрастыр» ойыны

 

  Шарты: Тек бір жолда берілген әріптерді ғана пайдаланып, сөз құрастыр, артық әріптерді алып таста.

 

Ғ   Ж  А  Ң  О  Р  Б

А  Л   Қ  Қ  М  А С

З   Ы  Ғ  Ы  Қ  Р  А

К  Т   Е  М  П  Е  Н

 

 

«Атын тап» ойыны

 

Шарты: тор ішіндегі әріптерден  12 дала құстарының атын тап.

 

Қ Ы А Д С А А Л Ұ
А Р Л Ы Д Н Р І Қ
Н Қ Ұ Н У Ғ Е К Ү
Б О О Р Ғ А Ш Е Т
Б З Т Й А Ж Ш І К
Ү Р А Т О А Қ Л Ө
І К Р Ғ Р П А Қ К
Т Қ А А Й А Л Ұ Р

 

 

 

«Сандықша» сөзжұмбағы

 

 

  С          
      А    
          Н    
        Д          
    Ы        
          Қ  
  Ш          
  А        

1.Жеңін түру.

2.Мінезі тік кісі.

3.Жазмыш, тағдыр.

4.Кісілердің бір-біріне айдап салатын жаман адам.

5.Белгі.

6.Аласа                                                                                                            30

  1. Қой жүнінен тоқылған сырт киім.
  2. Ерді ұстап тұратын айылбасы бар жалпақ қайыс.

 

 

 

 

 

«Ұйқасын тап» ойыны

 

Кеше ойнап секіріп,                                     Суға қармақ салып,

Жанар алды … .                                           Ұстап алдық … .

 

Өзі әнші, дүлдүл,                                        Ұшса-дағы сақ ұшқан,

Құстың аты … .                                            Құстың аты … .

 

 

 

 

 

 

                                          «Амалын тап» ойыны.       

 

 

Шарты: амалын тауып, жасырынып тұрған өлең шумағын тап!

 

 

Н І С Н Д Н І С
Д Б І І Е І З Н
Е Ү З М Ж Б А І
Ж Т А А А Ү С М
А Й С З Т Т Ы А
Т О Ы А А У Л З
А З Л Т Д С Т А
Д Ө С , Ы С А Т
Ы . А И Т Р Қ Л

 

 

 

 

 

 

 

31

Сөзжұмбақ «І»

 

 

     
       
       
         
         
         
           
           
             
  1. Тышқанның мекені
  2. Сын есім
  3. Бауыр адам
  4. Адамның ішкі құрылысы.
  5. Тон.
  6. Сыпайылық белгісі.
  7. Киімнің бір бөлігі.
  8. Киім ілетін зат.
  9. Сүттен жасалған тағам.

 

 

 

 

 

 

Сөзжұмбақ «Планета»

 

 

      П        
    Л        
        А    
        Н  
    Е    
        Т      
    А          

 

 

 

 

  1. Тоғыз планетаның бірі.
  2. Ең алыста орналасқан планета.
  3. Ең ыстық планета.
  4. 21 серігі бар планета.
  5. Біздің планетамыз.
  6. Ең үлкен планета.
  7. Белінде сақинасы бар планета.

 

32

Сөзжұмбақ «Жұмбақтар»

 

 

Ж            
Ұ          
М          
Б          
А        
Қ          
Т              
А      
Р                

 

 

  1. Біз, біз, біз едік, отыз арба қыз едік, таң атқанда жоқ болдық.

 

  1. Көк лағым көгенде жатып семіреді.

 

  1. Өзі жап-жас, мұрты бар,

Ет пен сүтке ұмтылар.

Тастамайды жылы үйде,

Түкті тонын шұп-шұбар.

 

  1. Жанды жарады, жансыз ұрады.

 

  1. Қасқа мұрт, толық дене, өзі-дақыл.

 

  1. Терезеге қонады, әсем ою ояды.

 

  1. Кеудесі-толған күш, табаны-толған тіс.

 

  1. Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсіз,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсіз.

 

  1. Даусы да ілеспес,

Өзі ұшқан қарқынға.

Созған шүйке іспеттес,

Жол қалады артында.

 

 

 

 

33

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

 

  1. Құдайбергенева К.С.

Құзырлылық табиғаты- тұлғаның өздік дамуында. Алматы. / 2006/

 

  1. Р.Сыздықова

Сөз құдіреті.  Алматы. 1997ж.

 

 

  1. Ш.Бектұров, М.Серғалиев

Қазақ тілі. Алматы. 1994 ж.

 

 

  1. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал.

Бастауыш сыныпта оқыту

 

 

  1. «Айгөлек» журналы.

 

  1. Балдырған журналы. № 1-4 2008 ж.

 

  1. Білімдегі жаңалықтар. / 2007/

 

  1. Тіл дамыту дидактикалық ойындар. Алматыкітап 2008 ж.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *