Открытый урок «Жапсырма қалталарды өңдеу»

Ережепова Майра Айтбаевна

Мастер п/о

Колледж № 5, ЮКО

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жапсырма қалталарды өңдеуді теориялық жүзінде алған білімдерін тәжірибе жүзінде көрсетіп, үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ой қабілетін өндірістік сабағында қолданып,технологиялық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Еңбекке баулуға, ұжыммен бірлікте жұмыстануға, тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас,іс-тәжірибе.

Материалдық-техникалық база:Интерактивті тақта,бұйым-эталон,стенд «Жапсырма қалтаның түрлері», жапсырма қалтаның түрлерінің технологиялық нұсқау картасы, плакат(жапсырма қалтаның түрлеріне), бірізділік(жапсырма қалталардың түрлеріне), тігін машинасы,үтік. Ине, жіп, қайшы, мата,ағылшын инелері, сызғыш, бор, сөкіш, дәке.

Пәнаралық байланыс:Жабдықтау, киім тарихы, технология негіздері, мататану,киім моделдеу.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі (5мин)

1.Сәлемдесу және оқушылардың сырт келбетін

2.ҚР Әнұранын орындау(слайт шоу)

3.Оқушыларды түгелдеу

II. Кіріспе нұсқау шаралары (30-40)

1.Бағдарлама тақырыбын хабарлау

2.Сабақ тақырыбын хабарлау

3.Сабақтың оқу мақсатын хабарлау

4.Өткен сабақтарда өткізілген материал бойынша пікірлеу(сұрақтар)

«Сиқыры тал» ойыны

Ойынның мақсаты: оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.

Ойының шарты: Студентерді екі топқа бөліп(ине мен жіп), интероктив тақтадағы сұрақтардың карточкадағы жауабын плакатқа жабыстыру керек. Қай топ көп сұрақа жауап берсе, сол жеңіске жетеді.

Сұрақтар

1.Утік қатты қызып қеткен жағдайда не істейміз?(үтікті суырып, дымқылды мақта шүберекпен суытамыз

2.Ине адам қолына кіріпкетпеуден сақтайтын құрал?(оймақ)

3.Инеге қандай талаптар қойылады?(Ұшты, түзу, жылтыр)

4.Бөлшектерді алдын ала уақытша біріктіруді не деп атайды?(көктеу)

5.Бөлшек қиықтарын сетінеуден сақтау үшін қолданылатын қандай тігіс түрі?(торлау)

6.Машина тігістерінің қандай түрлері бар?(біріктіруші, шеткі, көркем сәндік тігістер)

7.Жиектеу тігістерінің қанша түрі бар?(ашық және жабық жиектеу тігісі)

8.ДЖӨ жұмыстарын орындайтын қажетті құрал жабдықтар? (үтік,прес апараты, үтіктеу үстелі, жастықшалар)

9.Жастық тысының стандарты өлшемі қанша см болады?(60\65)

10.Бір адамдық стандарты көрпе тысының өлшемі қанша см болады?(1,5\2,20)

ІII. Жаңа сабақты түсіндіру:

Қалта- Қалта дегеніміз не? — Қалта қандай киімдерге көбірек қажет деп ойлайсыздар – салтанатты киімдер, үй киімдері, жұмыс киімдері? Қалталар Қалта — киімнің құрамдас бөліктерінің бірі. Қалталардың өңделуіне карай үш түрі бар-жапсырма, тілме, тігістегі. Орналасуына байланысты қалталар ішкі қалталар (киімнің астарына), және сыртқы болып бөлінеді. Киімнің қай жерінде орналасқанына байланысты: жапсырма қалта, төс қалта, омырау және жан қалта болып ажыратылады. Қалталардың жоғарғы қиығының орналасуына байланысты көлденең, киғаш немесе тік қалталар болып бөлінеді. Рамкалы, қақпақты, ілгекті замокты қалталар болады. Спорттық үлгідегі киімге көп жағдайда қалтаға сыдырма салынады. Қалтаны даярлағанда оның формасы мен тігілген матаның ерекшелігін технологиялық өңдеу тәсілдерін ескеру керек.

Жасырма қалталар

Жапсырма қалта – 14ғасырлардан бастап киімде өз рөлін ала бастады. Алғашында үлкен формада болғанмен, уақыт өте келе формасы кішірейді. Әйгілі Коко Шанель әйел жакетіне жапсырма қалтаны орнатып, ер адам пиджагінен ерекшелендіреді. Спортық үлгідегі киімге көп жағдайда қалтаға сыдырма салады. Матаның түріне қарай жапсырма қалтаны жалаң қабаты немесе қос қабатты етіп жасайды. Қалтаның өлшемін киімнің үлгісіне сәйкестендіріп жасайды. Осы мақсатпен таңдап алған өлшем мен формаға сәйкес қалтаның үлгісін қағаздан пішп алу керек. Өлшеген кезде үлгіні түйреуішпен кйімге түйреп қойып, қалталық орны өшемдерімен белгіленеді. Шетінен тігіс түскен жапсырма қалта: егер киім мақта матадан тігілсе, дайындау үшін жоғары жағына 3,5-4см қалдырған жерді қалта аузына таяу сызықтан сыртқа қарай бүгін, қиылған шетін ішке 0,7-1см-ді қалтаның теріс жағына айналдырып, көктеп, үтіктейді. Дайын болған қалтаны киімнің негізгі деталіне белгіленген сызықтар бойынша салып, көктеп ең шетінен машинамен жүргізу қажет.

Шетінен біршама қашықтықта салынған әр түрлі сәндік үшін тігіс түскен жапсырма қалта. Мақта-матадан тігілген үлкен қалталарды әдетте шетінен тігіледі, сондай-ақ жүн, жібек немесе синтетикалық маталардан жасалатын қалталарды қос қабаттап жасаған жөн. Ішкі шеткі ирек тігіспен көктелген шеттік, әдібін оң жағы мен қалтаның оң жағы мен қалтаның оң жағына, әдіптің көлденең қиығымен қалтаның жоғарғы қиығы сәйкес келетіндей етіп салып, қиылған жерлерді көктеп, ені 0,7см тігіс жүргізіледі. Содан кейін қалтаның жоғарғы шетін үтіктеп дәл бүктелер жерден тігіс түсіру керек. Әдіп пен қалтаның қалта аузының белгіленген сызығы бойынша оң жағын ішіне қаратып бүгіп, екі деталдің да шетерін тегістеп, әдібі жағына көктеп алады. Осылайша

дайын болған қалтаны негізгі детальдағы белгіленген орнына тігін салады. Тік төрт бұрышты жапсырма қалтаны тігіс түсетін артық жер қалдыра отырып пішеді.

Қазіргі кезде жапсырма қалталардың формалары мен өңделу жолдары сан түрлі:

:

«Жапсырма қалтаны өңдеу»

Пішім бөлшектері:

ӘӘ

Жапсырма қалта аузын қатырмалау

0,5 см торлау

Қалта аузын бүгіп көктеу 0,9

Бастыра тігу 1,0 см-ге

Қалтаның жиектерін дөңгелетіп бүгіп көктеу

Баса үтіктеу

Қалтаның орнын белгілеу

Оң жағынан

Қалтаны негізгі бөлшекке жапсыра көктеу 0,2 см

Қалтаны бастыра тігу 0,1 см

Дайын қалтаны ЫЖЖ өткізу

IV.Ағымды нұсқау.

Оқушыларға еңбек тәсілдерін техналогиялық ретілік бойынша көрсету.Оқушыларды арнайы жұмыс орнына шақырып өңдеу тәсілдерін көрсету.

V. Жаттығулар және оқушыларды өз бетімен жұмыстандыру .

Жұмыс орындарын тексеру барысында көңіл аудару:

* Жұмыс орнын ұйымдастыруын тексеру;

* Еңбек тәсілдері мен операциялардың дұрыс орындалуын бақылау;

* Технологиялық процесінің орындалуын бақылау;

* Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақталуын бақылау;

* Оқушылардың өзін және өзара бақылауларын қадағалау;

* Жеке нұсқау.

V. Соңғы нұсқау (20мин)

1.Өндіріс сабағын қортындылау(түрлі-түсті қағаздан жапсырма қалтаның бірізділігін жасау)

2. Оқушылардың жақсы орындалған жұмыстарын атап өту

3. Жұмыс барысында кездескен ақауларды, олардың себебін және жою жолдарын талдау

5.Оқушылардың жеке бағаларын хабарлау

6. Үй жұмысын тапсыру.

7. Жұмыс орындарын және шеберхананы жинау

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *