Открытый урок «Өнер ордасы»

Мектепова Жайнагул Ермековна

Музыка пәні мұғалімі

Ақтөбе қаласы, Қазақстан

Сабақтың мақсаты: Алматы консерваториясының құрылуы жайлы әңгімелеу.

Білімділік: Қазақстандағы ең алғашқы музыкалық оқу орнының құрылғандығы туралы мағлумат беру. Өз ойларын ашық айта білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Музыкалық сауаттылығын дамыту. Ән айту, музыка тыңдау дағдыларын қалыптастыру. Тыңдаған шығарманы талдай білуге дамыту.

Тәрбиелік:  Өнер әлеміне жан-жақты білімді, өнер сүйер, сұлулықты саралай алатын тұлға тәрбиелеу. Өнер адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас  сабақ

Әдісі: Әңгімелеу, ой қозғау, сұрақ-жауап,  миға шабуыл, ББҮ стратегиясы

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, тақырыптық слайдтар, композитор Тілес Қажығалиевтің суреті, үнтаспа

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, өнер сабағы

Сабақ барысы:

І. Қызығушылығын ояту.

  1. Әндетіп амандасу
  2. Психологиялық тренинг
  3. Үй тапсырмасын сұрау.
  4. Миға шабуыл
  5. Қазақстандағы кәсіби музыка мәдениеті қалай дамыды?
  6. Еуропа және Қазақстандағы скрипка өнерінің дамуында қандай ерекшеліктер бар?
  7. Айман Мұсаходжаева әлемге Қазақстандағы скрипка өнерін қалай танытты?
  8. Лауреат, дипломант деген ұғымдарды қалай түсінесің?
  9. Ой қозғау.

— Тақтадағы суретке назар аударайық. Тақтада Алматы консерваториясының алғашқы кездегі  суреті көрсетіледі. (№1слайд)

— Мына сурет жайлы не айта аласыңдар?

ІІ. Мағынаны тану.

— Қандай өнер ордаларын білеміз?

ББҮ-  стратегиясы.

 

Білемін Білгім  келеді ? Үйрендім
Филармония, драма театр, кинотеатр, консерватория, музыкалық мектептер Алматы консерваториясы қалай құрылды?

Қандай өнер адамдары жұмыс жасады?

Алғашқы кездегі аспаптар құрамы туралы

-1994 жылы Алматы консерваториясы құрылды.

-К.Байсеітова, Қ.Байсейітов, М.Төлебаев, Е.Брусиловский, Б.Байқадамов

 

 

*Білемін , білгім  келеді кестесін  толтыру.

  1. Алматы консерваториясының құрылуы жайлы әңгімелеу

Ұлы Отан соғысы жылдары, 1944 жылы, Алматы консерваториясы ашылады. Орыс мәдениетінің өнер қайраткерлері – Галина Уланова, Юрий Завадский, Наталья Сац және Вера Марецкая Алматы қаласына қоныс аударған болатын. Олар Мәскеудегі кеңес одағының басшыларына Алматы қаласында консерватория ашу жөнінде хат жолдайды. Олардың өтініш хаттарында: «… мәдениет үшін ешнәрсе тосқауыл бола алмайды. Қай заманнан болмасын мәдениет әрдайым дамып келеді. Оны өткен тарихымыз дәлелдеуде. Қазақ халқы соғыс зардабынан мәжбүрлікпен қоныс аударған халықтарға қонақжайлылық пен кеңпейілділік танытуда. Сондықтан, қазақ халқына үлкен құрметімізді білдіре отыра, жасалар жұмыстың жауапкершілігін өз мойнымызға аламыз», — делінген. Сөйтіп, еліміздің қиын кезеңіне қарамастан одақ басшылығы Қазақстанда музыкалық жоғарғы оқу орнын ашуға шешім қабылдайды. 1944 жылдың 24 шілдесінде Алматы мемлекеттік консерваториясын ашу жөнінде Халық комиссарлар кеңесінің қаулысы қабылданады. Консерватория «Музхоркомбинат» деп аталатын республикалық балалар музыка мектебінің негізінде ашылады. Ал, музыка мектебінің сол уақыттағы директоры И.В.Круглыхин консерваторияның ректоры болып тағайындалады. Консерватория ғимараты Сталин даңғылының бойында (қазіргі Абылай хан даңғылы) орналасады. Сол ғимараттың 8 бөлмесі консерваторияға бөлініп беріледі. Жұмысты бастау үшін басшылықтың  тапсырмасымен жеке адамдардан музыкалық аспаптар сатып алынады. Олар: 1- концерттік рояль, 3 кабинетке арналған рояль, 3 пианино, 3 скрипка, 3 виолончель, 1 контрабас, 1 гобой, 2 кларнет, 3 валторна, 1 литавра. Балалар музыка мектебінің кітапханасында жоғары оқу орнына арналған нота жазбалары мен оқулықтар жоқ болатын. Соғыс жүріп жатқанына қарамастан Мәскеу мен Ленинград консерваториясы 3330 нота жазбалары мен оқулықтарды сыйға тартады. Ал, қоныс аударған орыстың мәдениет және өнер қайраткерлері консерваторияның ұстаздары болып

жұмысқа қабылданады.

Оқу орнына студенттерді қабылдау қиынға соғады. Себебі, одақ

басшылығы 150 адамды ғана қабылдауға қаржы бөледі. Бірінші  курсқа

қабылданғандардың арасында интернатта тұратын ата-анасыз қалған жастар да болатын.

Олармен бірге, КСРО халық әртісі Күләш Байсеиітова, ҚазССР-інің халық әртісі Қанабек

Байсеиітов, белгілі композиторлар Мұқан Төлебаев пен Бақытжан Байқадамов, композиторлар одағы қазақ бөілімінің хатшысы, композитор Борис Ерзакович те болды. Олар халық әртісі бола тұра консерваторияның 1 – курсына оқуға қабылданады.

Осылайша Алматыда алғаш рет ашылған консерватория өз жұмысын бастап, қазіргі таңда Орталық Азияда музыкалық білім беретін ең мықты жоғары оқу ордасына айналып отыр. (№ 2 слайд)

  1. Музыка тыңдайық:

Тілес Қажығалиев. «Қыз қуу». Орындайтын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттер оркестрі.

  1. Біліп ал! (слайд №3)

Тілес Қажығалиев – (1949-1996) композитор. Алматы қаласында дүниеге келген. Атақты дирижёр Шамғон Қажығалиевтің баласы. Ғазиза Жұбанованың шәкірті. Т.Қажығалиевтің оркестрге арналған шығармалары көптеген шет мемлекеттерде орындалып келеді. Композитордың «Қыз куу»  атты шығармасын Мариус Стравинский жетекшілік ететін Лондонның филармониялық оркестірі орындап жүр. Композитордың альт пен оркестрге арналған «Отан туралы» ороториясы, фортепиано, үрмелі және ішекті аспаптарға арналған концерт симфониясы, әндер мен романстар, спектакльдер, көркем және деректі фильмдерге арналған музыкалық шығармалары бар.

  1. Ойлан тап!

Біздің Ақтөбе қаласында қандай өнер ордасы және оқу орындары  бар?

— А Жубанов атындағы музыкалық колледж, Қ.Жубанов атындағы мемлекеттік университет т.б.

«Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»,

— «Алақай» қуыршақ театры

— Облыстық «Достық» Үйі

— Облыстық Ғазиза Жұбанова атындағы филармония .  1998 жылы облыстық филармонияға Қазақстанның, КСРО-ның  халық артисі, профессор Ғазиза Жұбанованың аты берілді.

— Филармония қай жылы құрылғанын білесіңдер ме?

— Сонау сұрапыл соғыс жылдарында 1944 жылы қыркүйекте халықтың рухын көтеру мақсатында құрылған филармонияның  қамкөңіл елдің жанындағы жараны ән-күймен емдеп-жазып, еңсесін тіктеуге ықпал еткен.

  1. Дауыс жаттығулары

Ма, мэ, ми, мо, му    легато

Бра, брэ, бри, бро, бру

  1. Ән айту. «Астана вальсі» Қанат Света Айтбаевтардың орындауында бейнетаспадан көрсетіледі.

Астана вальсі

Сөзін жазған Ертай Ашықбаев, әнін жазған Қанат Айтбаев

Аяулы армандарды аңса достар,

Есілден басталатын қанша бас бар.

Барша нұр аймалайды Астананы,

Қонады Астанаға барша құстар.

Қайырмасы:

Астана мәңгілік дастан ән,

Жайнаған гүлденіп жас қалам.

Арайлансың ақ таңың

Мәртебелі мақтаным,

Айбыны абыройым Астанам.

2.Шарықтап қуаныштан таныс әні,

Күлкілер бір- бірімен жарысады.

Келеді барлық әлем Астанаға

Барша жұрт Астанада табысады.

А-а-а-а-а-а-а-а-а-а-

А-а—а-а—а—а-а-а-

  1. Көшелер көктем гүлін тағылады,

Жастықтың жұлдыздары жағылады.

Келген ел шаттанады Астанаға,

Кеткендер Астананы сағынады.

— Әнді хормен үйрету.

— Әр топқа  1 шумақтан бөліп айтқызу

— Жұп болып айту

— Жеке оқушыға орындату.

ІІІ. Ой толғаныс

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

1.Маған сабақта…..

2.Алматы консерваториясы ….

  1. Тілес Қажығалиев ……
  2. Астана вальсі …..

5.Вальс ¾  ….

ІҮ. Бағалау

«Бес бармақ» әдісімен

Ү.Үйге тапсырма

Алматы консерваториясының құрылуы жайлы мәліметті оқып түсінік айту.  Ақтөбе қаласындағы өнер ордалары туралы  іздену.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *