Статья «Модульдік технология қазақ тілі сабағында»

Мырзабекова Динара Сагиденовна

учитель казахского языка и литературы

КГУ «Лицей города Аксу» Павлодарской области

Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие және білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындау педагогика тәжірибесінің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны анық.
Республикамыздың егемендік алып, тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы ұлттық мәдениетіміздің жан-жақты өркендеуіне негіз болды. Мемлекеттік тіл-халықтың барлық мұқтажын, өнер, мәдениет, радио, дипломатиялық қарым-қатынас, ғылым, өндіріс, шаруашылық, ресми іс-қағаздарды т.б. салаларға дейін қызмет ететін қоғамның қуатты қолданыс құралына айналуы қажет. Оқушылардың тәрбиесі мен білім деңгейінің жоғары болуы, сауаттылығы, қазақ тілін меңгеру, түсініп оқуы мен қатесіз жазуына байланысты екендігін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында мемлекеттік тілдің оқыту сапасын арттыру қажетттілігіне ерекше назар аударды. «Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді ең үзік инновациялық, әдістемелік, тәжірибелік оқу құралдарын әзірлеу керек»- деген.
«Педагогикалық технология – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы» — деген педагог, ғалым В.П.Беспалько. Оқыту технологиялары іс-әрекеттің қарқындылығы мен белсенділігін арттырады, жеке тұлғаның жетілуіне, дамыуына бағытталады.
Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі пәнінің мақсаты – оқушылардың қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру және дамыту, яғни тілдік және танымдық біліктілікпен қамтамасыз ету.
Өзге ұлт өкілдерінің тілін дамыту – қазіргі мектептегі оқу–тәрбие ісіндегі басты мәселе. Тіл мен сөйлеу үрдісін дифференциалды қарастыра оқыту қажет, өйткені оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлініп отыр. Сондықтан, мұғалімнің қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту, байланыстырып сөйлеуге айрықша көңіл бөліп, тілдік материалдарды дұрыс таңдай білу (сөздің, сөйлемнің үлгілерін беру), оны дұрыс бере білу, тілдің теориясы мен сөйлеу практикасының бір-бірімен қарым-қатынасы түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асырылыды. Демек, қазақ тілі пәнін оқыту барысында мұғалім оқушының ойын логикалық жағынан дұрыс, анық айта білуге үйретумен бірге, екінші жағынан ойын орфографиялық және пунктуациялық жағынан дұрыс жаза білуге жаттықтырады.
Оқушының жазбаша және ауызша ойын дұрыс бере, айта білуіне үлгі беретін–мұғалім. Сондықтан мұғалім тілдің тарихын, грамматикасын, стилистикасын, орфографиясын, лексикасын, пунктуациясын жақсы біліп, меңгеруі қажет. Әр мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын шығармашылық мәнде жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, үйренуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасайды.
Кез-келген оқыту технологиясы жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады. М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» екінші тілді оқытуда сөйлеуге үйретуді негізге алады. Осы орайда мен өзім беретін сыныптарда осы технологияны қолданамын. Бұл технологияның ерекшелігі оның білімді меңгеруі, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, яғни, жадының алуан түрлерін, ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ, тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі бекіту, қарым –қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады. (М.Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы»).
«Модуль дегеніміз –қандай да бір жүйенің ,біршама дербес бір бөлігі» (С.И.Ожегов). Ал, «технология» гректің «шеберлік» деген сөзі .
М.М.Жанпейісованың технологиясында модуль 3 құрамды бөліктен тұрады:
1.Кіріспе.
2.Сөйлесу.
3.Қорытынды.
Әр оқу модулінің сағаты әртүрлі болады. Осы оқу модулінің ерекшелігі жалпы сағат санына қарамастан кіріспе және қорытынды бөліміне 1 немесе 2 сабақ саны бөлінеді, ал қалған сағаты сөйлесу сағаты болады.
1.Кіріспе бөлімінде оқушылар бағдарламаның осы тарауын неге және не үшін оқып-үйренулері керек, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін түсінуі қажет.
2.Сөйлесу бөлімінде әр оқушымен оқу матералдарымен жұмыс істей отырып, оқушылардың өз қабілетін, ынтасын, есін (қабылдауын) ауызша, жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік беру керек. Үш күрделілік деңгей (қарапайым, орташа, күрделі дәрежеде) ұсынылады. Үш деңгейдің қайсысын таңдайтынын әр оқушының өзі шешеді. 1-деңгей тапсырмалары оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталған. 2 және 3-деңгей тапсырмалары оқушылардың бағдарлама материалдарын мемлекеттік білім стандарты деңгейінде игеруін көздейді.
Мысалы: 3-деңгей төменгі, 2-деңгей орташа, 1-деңгей білімі жоғары оқушыларға арналады. Сөйлесу бөліміндегі білім дәрежесін бағалауда өзін-өзі бағалау, топтық бағалау, бірін-бірі бағалау әдістері пайдаланылады. Дарынды балалар сабақта міндетті түрде, үнемі аса жоғары күрделірек деңгейде жұмыс істейді, бұл олардың интеллектуалдық қуатын жүзеге асыруға ықпал етеді. Көшбасшылық қабілеттері бар оқушылар «кеңесшілер» немесе «топ жетекшісі» рөлдері арқылы өздерін танытады.
Жақсы оқитын оқушылардың көпшілігі 2-ші және 1-ші тапсырмаларын таңдап, оны жақсы орындайды. Білім деңгейі төмен оқушылар әдетте 3-деңгей (жеңілдетілген стандарт) тапсырмаларымен жұмыс істеуден бастайды. Сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында сөйлесуді қамтамасыз ету үшін тілдік орта болу жағдайларын жасап, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқыта-үйрету ойындары жүргізіледі.
Модульдің 3-інші бөлімі қорытынды бақылау бөлімі. Мұғалім оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеруге арналған бақылаудың бірнеше түрлерін ұйымдастырады.
Олар:
1. Тест
2. Диктант, мазмұндама, шығарма
3. Нәтиже сабақтары (Сайыс, әр түрлі интеллектуалдық ойындар).
Әр деңгейдегі тапсырмаларды іріктеу кезінде оқушылардың білім деңгейі ескеріледі. Оқушыларды сабаққа қатыстыру үшін тапсырмаларды мүмкіндігінше түрлендіріп, «төменнен жоғары қарай» қағидасы бойынша 3 деңгейге бөліп беріп отырамыз. Тапсырмалар 15-20 минут аралығында орындалуы тиіс. Оқушыларды қызықтыру үшін әр түрлі ойындар да өткізуге болады.
Педагогикалық тәжірибемде мемлекеттік тілді оқыту жолында бірнеше жаңа технологияларды, оның ішінде модульдік технологияны, деңгейлік тапсырмаларды қолданып келемін. Әрине, жаңа инновациялық әдістерді пайдаланған уақытта жетістіктері мен кемшіліктері де болады. Сабақтарымда өткен сабақты қайталау, грамматикалық тапсырмаларды меңгеру, ауызша бірінші деңгейлі сұрақтарға жауап беру сияқты жұмыс түрлерін орындағанда оқушылардың біліктері жақсы қалыптасты. Деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы әр оқушы өз деңгейіне дейін таспырмалар орындап, өзін-өзі бағалай білді, модульдік технология бойынша оқушылардың әр тақырып бойынша білімі, сөздік қоры жақсарды.
Өз тәжірибемнен байқағандай, деңгейлік тапсырмаларды орындау негізінде оқытудың тиімділігі мынада деп ойлаймын:
• Қазақ тілі сабағының мазмұны мен сапаcы артады.
• Оқушылардың физико-психологиялық ерекшеліктеріне сай ойлау, сөйлеу қабілеттері дамиды.
• Мүмкіндігіне қарай оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасайды;
• Басқаларды тыңдайды, кез-келген жауапқа сыйластық, түсінікпен қарауға дағдыланады;
• Өз ойын топ алдында ашық айта білуге, қорғай білуге дағдыланады;
• Оқушы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланып, шеберлігі шыңдалады.
• Жүйелі оқыту принциптері арқылы оқушы өзін-өзі дамытып, өзін-өзі бағалап, білім деңгейін өрбіте алады.
Сонымен, мемлекеттік тілді оқыту жүйесіне модульдік технологияны пайдалану тілді саналы меңгеріп, байланыстыра сөйлеуде ғана емес, өскелең ұрпақтың ізденімпаздық әрі шығармашылық қабілеттерін дамытуда ықпалы зор.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы»-Ақтөбе, 1999 ж.
2. Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». – Алматы, 2006.
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана «Елорда», 2008.
4. // «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде», №7-2006.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *