Открытый урок «Талаптан да білім мен өнер үйрен»

Кадирова Жанар Оразбайқызы

учитель казахского языка и литературы

КГУ «Новосельская средняя школа»

район имени Г. Мусрепова

Мақсаты:

1) Жас өспірімдерді адамгершілік мұраттарға тәрбиелеу.

2) Оқушының образды ойлау дағды қабілетін қалыптастыру.

3) Өлеңдегі әсерлі сөздер мен ой толғау арқылы оқушыларды дүниені өмірді түсіне білуге үйрету.

Көрнекілігі: Абай Құнанбайұлы,Шәкәрім Құдайбердіұлының портреттері, үлестермелі карточкалар.

Осы өлеңді өткенде Шәкәрімнің айтпақ ойын өсиетін Абай өлеңдеріндегі ой-мақсатын ұштастыру, екеуін салыстыру.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру.

1) Оқушыларға бұл өлеңнің өсиет ,жастарға арнау ,тілек ретінде айтылған,халық философиясын берік негіз етіп ұстанған шығарма екенін түсіндіру.

ІІ Кіріспе:

Әңгіме жоспары

1)Ақынның туған өскен ортасы.

2) Абайдың ақын шәкірті.

3)Алғашқы өлеңдері жайында

ІІІ Сөздік жұмысы

Тұл бос, бекер

Мансап-бақ, дәреже

Нәпсі-құлқын құмарлық

Сарп қылу-зая кетіру

Нәр беру-білім беру

Ғибрат алу-үлгі алу

ІV Өлеңді мәнерлеп оқу.

V.Өлеңді талдау

Адамдық борышың,

Халқына еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай

Ар сақта оны біл,-бұл шумақтың негізгі ойыцн анықтау,халықтың жаным арымның садағасы деген тұжырымына сай келеді.

Талаптан да білім мен өнерді үйрен,

Білімсіз,

Өнерсіз

Болады ақыл тұл

Мақтанға салынба

Мансаптың тағы үшін

Нәпсіне билетпе,

Басыңның бағы үшін-деп ақын талап пен өнердің пайдасы білімсізөнерсіз ақыл тұл мақтан мансап нәпсі адамның басындағы бағын кетіретіп абыройсыз жайттар екенін айтады.

Өміріңді сарып қыл өлгеніңше,

Жоба тап,

Жол көрсет,

Келешек қамы үшін.

Қайтадан қайырылып

Қауымға келмейсің

Барыңды

Нәріңді

Тірлікте бергейсің

Ғибрат олар алдыңа із қалдырсаң

Шың бақыт

Осыны ұқ

Мәңгілік өлмейсің!-Абайдың ғибрат сөздеріндегі өмішең философия қайталанады.

Пайда ойлама ар ойла,

Талап қыл артық білуге

Өзі өнерсіз өмірден тез суынар

Ойланған жолушыдай бос қалғаның.

Өлді деуге сия ма ойлаңдаршы

Өлмеутұғын артына сөз қалдырған?

VІ.Бекіту:

1.карточкалармен жұмыс

2.бекіту сұрақтары

1) ақын адамдық борыш деп адам бойындағы қандай қасиетті айтады?

2) мақтан мен мансап туралы не айтады?

3)келешек қамын ойлауды кімге тапсырады?

4) мәңгілік өлмеу ғибрат беру дегенді қалай түсіндіреді?

Осы сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізу жауабын жазғызу!

VІ.Қортындылау.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *