Статья «Зерттеушілік әңгіме-заманауи талабына сай оқытудың маңызы»

Бозжигитова Гулбагдат Биртаевна

учитель начальных классов

Школа-гимназия №18 г. Костанай

Қазіргі таңда білім жүйесіне қойылып отырған қоғамдық-әлеуметтік   сұраным Елбасы Жолдауында айтылған, бәсекелестікке қабілетті адамның басты белгісі-оның білімділігі, жасына лайық түрлі жағдаяттарда жол тауып шыға алатын, өз ой-пікірін анық та ашық, түсінікті жеткізе білетін құзыреттілікке қол жеткізу болып отыр. Осы мәселені көздеуге бағытталған бірден-бір шешімі-жеті модульдің де ықпалы зор болмақ. Соның бірі диалогтік оқытудың аспектісі-зерттеушілік әңгіме.

Осы орайда жеті модульдің бірі диалогтік оқытудың аспектесіне сай іс-әрекетті зерттеу жүргізуді бастаудағы тақырыбым: «Оқушылардың сөздік қорын зерттеушілік әңгіме арқылы дамытуға ықпал ету». Осы тақырып төңірегінде алға қойған мақсатым оқушылар өз-ойын еркін, әрі толық жеткізуде тиімді әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асыру болып табылады. Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін оқушыларға әңгімелеудің түрін бірнеше қырынан меңгеруге бағыт беру міндетіне негіздеуді жөн көрдім. Демек, зерттеушілік әңгіме оқушылардың құзыреттілікке қол жеткізуіне септігін тигізетін жеті модульдің бірден бір  аспектісі.

Бұл тақырыпты таңдауымның сыныбым үшін маңызы-оқушыларымның  сөздік қорының аздығы және ойларының қысқалығы, әрі бүгінгі жаһандану заманауида өскелең ұрпаққа әлемдік стандартқа сай білім беру басты да, негізгі мәселе екендігі баршамызға мәлім. Сол себепті бұл аспект оқушылардың сөздік қорына және ойын дамыту арқылы ойының ұшқырлығына ықпалы болмақ деген ой туындады. Сондай-ақ, жалпы мектебіміздің маңыздылығына тұспа-тұс, атап айтар болсақ, «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы» демекші, мұғалімдердің оқушыларын оқытуда  түрткі болатын тапсырмаларды, оқушылардың жас ерекшелігін ескеруге көптеп көмегін тигізеді деген түйіндемеге тоқталдым.

Жоғарыда аталған мақсат пен міндеттерді орындай келе, оқушылар ойын толық,  нақты, әрі жан-жақты жеткізе алады деген нәтиже көретіне кәміл сенемін.

Мені, бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан, алдыма келген бүлдіршіндерімнің мектеп табалдырығын алғаш аттаған күннен бастап, «Ойлау деңгейінің өрісі қандай?», «Оларды мектепте не қызықтырады?», «Неге икемі, әрі  қай жағынан қабілеті бар?», «Бойында қандай қасиеті бар?», «Сондай-ақ, өзгелермен қандай қарым-қатынаста болады?» деген сияқты сұрақтардан туындаған ойлар мазаласа, қазіргі таңда, диалогтік оқытудың зерттеушілік әңгіме аспектісі, «Оқушыларымның ойлау, сөйлеу қабілетін арттыра ма?» деген ой мазалауда. Сол  ойыма дұрыс жауап табу үшін, мәлімет жинастыра бастадым. Зерттеушілік әңгіме аспектісі арқылы туындаған сұрақтарымның шешімі табылады деп ойладым. Шынтуайтына келгенде, жеті модульдің әдіс-тәсілдерін сабақта тиімді пайдалана білсем, оқушыларымның оқуға деген қызығушылығын арттыра отырып, жауапкершілік сезімін оятып, білім сапасын жақсарта келе және сұрақтарымның шешімі мен жауабы табылуы анық. Екінші (негізгі) деңгей бағдарламасының мұғалімдерге арналған нұсқаулығында оқушылардың сөздік қорын дамыту үшін, демек оның жолдары жөнінде нақты ашып, жүргізілетін жұмыстардың барлық  жағдайлары мен мүмкіндіктері қарастырылған. Сол себепті, бұл нұсқаулық мұғалімдер үшін арнайы таптырмайтын әдістемелік, әрі көмекші құрал десек, асыра айтқан емес.

Диалогтік педагогика-балалар мен мұғалімдердің жаңалық ашу мен оқуда өзара қарым-қатынас орнатуы. Мерсер сыныпта талқылау кезінде өз сөзін дәйектеудің үш түрін анықтады, олар:

  • Әңгіме-дебат, оқушылар бәсекеге қабілетті, басқа адамдардың көзқарасын қабылдауды қаламайды;
  • кумулятивтік әңгіме, мұнда оқушылар бір-бірінің үлесін сынамайды және сындарлыққа негізделеді;
  • зерттушілік әңгіме, ұыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген дәлел мен сын тұрғысынан ойлау арқылы жалғасады (Mercer. 2000). (Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы; екінші (негізгі) деңгей, 47-бет).

Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады.

  • Әңгіме-дебат;
  • Кумулятивтік әңгіме;
  • Зерттеушілік әңгіме.
          Зерттеушілік әңгіме жүргізу үстінде:

1)    әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;

2)    әркімнің идеясы пайдалы деп саналғанымен, мұқият бағаланады;

3)    қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды;

4)    қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме «көрінеді»;

5)    топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де, келмеуі де мүмкін, ең бастысы-келісімге ұмтылу).

Көптеген талқылаулар, әдетте, әртүрлі әңгіме түрлерінен құралады. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету аясындағы табысты талқылауларда әңгіменің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады.

Зерттеушілік әңгіме

Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі арасында байланыс бар екені анықталады. Барнс (1976) пен Мерсер (2000)  зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі деп атап айтқан. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта, зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда  ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір – бірінің идеяларын талқылайды, баға  береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап айтады; болжамдар ұсынып, талқылайды. Талқылау кезінде,  олар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді. Осындай сценарий бойынша оқушылар бір-бірін тыңдап, өз жауаптарын талдайды. Бұл жұмыс істеген оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып шығады. Алайда, бұл әңгіме олар үшін қалыптағы дүние емес, сол себепті де мұғалімдер бірігіп істеген жұмыстың құндылығын түсінулеріне көмектесу керек.

Мұғалімдер үшін маңызы

Балалар зерттеушілік әңгіме жүргізе алатын ортада оқу жетіле бермек. Оқушылар бұндай ортада жұмыс істегенде әңгімелеріне қарай олардың ой-пайымдары да айқындала түседі, әрі мұғалімдері мен құрдастарының көмегімен олар одан әрі дамытылуы мүмкін. Соған қарамастан, бұндай әңгіме жүргізу дағдылары оқушыларға жайдан жай келе салмайды, балалар бірлескен әңгіменің мәнін ұғынып, қабылдауы үшін мұғалімдерге оларды бағыттап отыру керек болады. (Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы; екінші (негізгі) деңгей, 99, 100-бет).

Балалардың сөздік қорын зертеушілік әңгіме арқылы дамытуға ықпал жасау мақсатында қазақ тілі пәнінен алғашқы тізбектелген, өзгертілген төрт сабақты өткізуде арнайы нысандарға сүйендім. Зерттеу жұмысын жүргізу барысындағы үш оқушыны зерттеу нысаны ретінде қарастыра отырып, барлық зерттеу сабақтарын тәмамдалған соң, жүргізілген жұмыстарымды  сараптай келе, мынадай қорытындыға келдім. Абай Құнанбаевтың отыз екінші сөзінде «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі»,-делінген. Жалпы, сабақ құрылымында оқушыларымның жас ерекшелегін ескере отырып, сонымен қатар, оқушыларымды ынталандыратын түрткі тапсырмаларды енгізуді, және олардың жүзеге асыруына ықпал жасап, арнайы орта ұйымдастыруды қолайлы деп таптым. Жаңа форматта жоспарлап берілген алғашқы өзгертілген сабағымда оқушылар енжарлық танытып, үйрене алмай, ойлары да, өздері де шашыраңқы қалыпта болды. Дегенмен оқушылар сабақтың негізгі бөлімінде ұйымшылдыққа өздерін жұмылдыра бастады. Ынтасы төмен оқушылар да, мұғалімнің сұрағына жауап қатып, сабаққа қатысып отырды, әрі белсенділік танытты. Демек, оқушылар күннен-күнге өзгере бастады. Олардың бір-бірімен қарым-қатынасы жақсарып, сөйлеу мәдениеті түзеле, әрі оқуға деген ынталары артуының нәтижесі, топ намысы үшін жауапкершілік, бір-біріне деген жанашырлық сезімдері оянды. Тіптен, оқушылар арасында, өздерін өзара бір-бірімен салыстыруын да жойды десем, қателікке ұрынбайтынымды, айта кеткенім бекер болмас. Оқушылар өздерін бір атаның ұрпағындай ұстай білді. Қоршаған ортамен байланыстыра отырып, алған білімдерін өмірде қолдана алатындығына көздерін жеткізіп келеді. Еліміздің болашағы білімді ұрпақта, ал, оларды заман талабына сай, білім нәрін сусындатып, әрі біліммен қаруландыру арқылы, білімді ұрпаққа айналдыру, яғни, олардың тағдыры ұстаздардың қолында екендігі баршамызға аян. Барлық мұғалімдер білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырыспақ. Осы орайда, зерттеушілік әңгіме оқушыларды ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін, күрделі мәселе болғанымен, оның шешімдерін табу жолдары бар екендігіне көзім жетті. Алайда, оқушыларымды сыни тұрғыда ойлануына бағыт-бағдар беріп, диалогтік оқытудың зертеушілік әңгіме аспектісі, ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдалану, дарынды балалармен жұмыс, оқыту үшін бағалау сияқты модульдерді ықпалдастырған мен үшін де, оқушыларым үшін де ыңғайлы әдіс-тәсіл деп танылды. Оның дәлелі төмендегі фотосуреттер: 

                

Баланың болашағын ойлай, заманына сай озық өнегені санасына сіңіре отырып,  олардың сөздік қорын арттыруына жан-жақты бағыт беріп, жандандырудың жолын қарастыру-қазіргі таңның басты мәселесіне айналғандығын байқаймыз. Өйткені, техниканың даму кезеңінде, әдеби кітаптарды оқуына, баса назар аудармай жүрген оқушыларымызды кездестіріміз. Сондықтан да, ана тіліміздің құндылығын білу-баршамыз үшін парыз. Әрине, ол, білім ордасында жүзеге асыру ерекше орын  алады. Міне, оның кейбір тұстары,  менің тізбектелген төрт өзгертілген сабақтарымнан байқауға болады.

Білім саласында деңгейлік курстардың жаңашыл жаңалықтарымен мұғалімдерді даярлауға жан-жақты ізденіс үстінде, әрі оны жүзеге асырып келеді. Оқыту мен тәрбиелеуде оқушыларды  құзіретті сом тұлғаға айналдыруда деңгейлік курс қазіргі таңда ерекше орын алып та жатыр, әрі айрықша рөл атқаруда. Оған мектеп-гимназиясындағы ұжым мүшелерімен біріге жасалып жатқан еңбегіміз дәлел. Деңгейлік курстың сертификатына ие болған мұғалімдердің әдістемелік  бірлестігі өз талаптарына сай өткізіп жатқан бірнеше іс-шараларға мектеп ұжымы қатысып, білдірген ой-пікірлерінен, және олардың арасында жүргізілген сауалнамалар жауаптарынан, бұл оқудың өз шәкірттерінің әлемнің жылдам өзгеруіне ертең-ақ қолын созатынына кәміл сенеді. Олай деп айтып отырған себебім, Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы, яғни, мектеп қабырғасындағы сертификатталған мұғалімдер әлеммен бірге өзгеру үстінде. Және де Оқушы Мұғалім Ата-ана үштік одағы арасындағы байланыс тығыз болмақ. Айтпағым, мектеп ата-аналары да осындай іс-тәжірибесі мол мұғалімдеріміз көптеп болса екен деген тілектер білдіреді. Ата-аналар балаларының ізденіске бейімделіп, сонымен қатар олардың бойында бәсекелестікке құлшыныс пайда болғанын, әрбір тығырықтан шығудың жолын көп ойланбастан таба алатын қабілеттері арта түсуіне септігі тиіп жатқандығын, білім деңгейінің алға жылжуы және оқу үлгерімінің жақсарып келе жатқандығын бақыладық деген сияқты, ата-аналар жиналысындағы жүргізілген сауалнамаларда, әрі ауызша сұхбатта оң пікірлері анықталды.

Деңгейлік курстың  ерекше жемісінің бірі, ол тек оқушының білім деңгейін ғана емес, сонымен қатар әрі мұғалімнің іс-тәжірибесін молайтып, әрі ата-ананың ой-елегінің тереңденуіне  септігін тигізіп, жалпы, қоғамдастық құруына әкеп соғуына, оның нәтижелі қызмет атқаруына жол ашады десем, артық айтқандық емес.

Нағыз білім қойнауы қайнап жататын кезең, ол мектеп кезеңі. Сол себепті, мектеп қабырғасында деңгейлік курстан өткен тәжірибелі мұғалімдерімізді көптеп дайындаса, көптеген қол жетімсіз іске қолымызды, оңай да тиімді, әсіресе, сапалы да нәтижелі жан-жақты дамыған жеке тұлғалы түлектерімізді ұшыруына, еліміздің болашағына үлесін қосатын шәкірттеріміз әлемнің түкпір-түкпір жерлерінде, Қазақстанның сапалы білім-саналы ұрпағына айналғандығын дәлелдеп, білімнің ұшан-теңіз кемесінде орын алып, әрі беделі өскен, асқан дана, билеріміздің жолын қумақ азамат пен азаматшалар көбеймек емес пе, қалай ойлайсыздар, әріптестер?!

Осы орайда: «Көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың» дегендей, тек сөзбен ғана емес, білімімізбен, біліктілігімізбен іс тындырайық!

Ойлама бәрін білем деп,

Шалқып та тасып жүрем деп.

Уақытың-алтын қазынаң,

Жұмсауың керек үнемдеп.

Құрметті әріптестер! Біздің білмейтініміз әлі де жер түбінде екені өздеріңізге мәлім. Сондықтан, Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы, білім дәрежесін жоғары деңгейге көтеруде, біршама жағдайларды қарастырып, мүмкіндіктер туғызуда, сол мүмкіндігімізді уысымыздан шығарып алмайық! Есімізде болсын, әлем жылдам өзгеруде! Біз де өзгерейік! Өзгеріп қана қоймай, өзгергенімізді дәлелдей білейік!

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық., Екінші (негізгі) деңгей., Үшінші басылым;
  2. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар., Екінші (негізгі) деңгей., Үшінші басылым;
  3. Құдайбергенева К.С., Мектептегі іс – әрекетті зерттеу., Әдістемелік құрал., Алматы, 2013 ж;
  4. Кембридж университеті бағдарламасының негізінде тренерлердің тәжірибе алмасу мастер – кластары., Алматы 2014.
  5. Абайдың қара сөздері.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *