Рекомендация по проведению дисциплин по профессиям

Элъёр Дониёрович Маккамбаев

преподаватель

Частное учреждение колледж «Сайрам»

Колледж оқушысы болашақ мамандығын кәсіби бағдар арқылы таңдап алған соң, оның өндірістегі білікті кадр болып қалыптасуы колледж оқытушыларының міндетіндегі іс болып табылады. Ол үшін колледжімізде оқу процесі жаңаша ұйымдастырылып, медициналық пәндерге арналған зертханалық жұмыстар оқытудың инновациялық технологиясымен байланыстырылуы тиіс.

Бұл жөнінде жоғарыда атап өткен Елбасы Жолдауында «Отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және нақты құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз» деп нақты тапсырма ретінде атап көрсетілген. Мұның орындалуына барынша атсалысу — оқу орны қызметкерлерінің барлығына бірдей міндет болып жүктеледі.

Дегенмен, осы технологияларды қазіргі жаһандану дәуіріндегі жаңашыл құралдармен байланыстыра отырып, оқу процесіне жаңа инновациялық технология ретінде енгізу — әрбір окытушының міндеті. Әсіресе теорияны тәжірибемен байланыстыруда негізгі ақпарат көзі болып табылатын арнайы медициналық пәндерді инновациялық технологияларды пайдалана отырып жүргізу білім сапалылығын арттырып қана қоймай, білім алушының танымдық көзқарасын да кеңейтеді.

Қазіргі кезде оқу процесінде қолданылып жүрген көптеген инновациялық технологиялар бар. Ол үшін оқытушы өзінің ақпараттық құзыреттілігін үнемі дамытып отыруы тиіс. Медициналық колледж оқытушысы ең алдымен оқытудың инновациялық технологиясына сәйкес медициналық құралды дұрыс таңдап алуы, сабақ жоспарын жаңа технология талаптарына сай құра білуі, тапсырмаларға сәйкес медициналық кұрал қажеттілігін дұрыс жіктей алуы, сонымен қатар, өткізілген жаңа сабақтан нақты қорытынды мен нәтиже көрсете алуы тиіс. Технологиялардың түрлері білім берудің мемлекеттік стандартында анықталған және арнайы бекітілген оқыту мазмұнына ешқандайда нұсқан келтірмейді, керісінше оқу пәндерінің үлгілік бағдарламасында көрсетілген максатқа оқытудың бұрыннан қалыптасқан әдістерімен өзара бірлікте қол жеткізуге мүмкіндік береді .

 

Сайрам колледжинің -әдістемелік жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы модульдик оқыту және дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу — тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең медициналық ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық — коммуникативтік технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына бірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр.

Инновациялық технология электрондык есептеуіш техникасымен жүмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жүмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

/

Жедел дамып отырған ғылыми — медициналык прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды .Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз — білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бүл процесті іске асырудан негізгі құрал компьютер болып табылады. Компьютер — білім беру ісіндегі бұрын шешімін таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкіндік беретін зор құрал.

Колледж оқытушылары үшін жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

‘ ‘

  • оқушының өз бетімен жүмысына;
  • уақытын үнемдеуге;
  • білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде;
  • шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
  • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
  • экономикалық тиімділіп;
  • қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен эр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;
  • оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ыкпалы зор.

Технологиялардың жаңаша түрлерінің бірі — практикалық және зертханалық сабақтарды қызықты етіп өткізуге арналған виртуалды зертханалық жұмыстар. Виртуалды зертханалық жұмыстар — компыотерлік ЗD имитациялық тренажерлары болып табылады. Олар оқушылардың кәсіби қабілеттерін және ішкі түйсіктерін қалыптастыру мен жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Виртуалды зертханалық жұмыстар — бұл түрлі құрал-жабдықтар мен қондырғылар қолданылатын шынайы зертханалық жұмыстардың(тәжірибелердің) аналогы болып табылады, алайда виртуалды зертханалық жұмыстардың шынайы зертханалық жұмыстардан басты айырмашылығы бұл олардың компьютерде орындалуы. Виртуалды (компьютерлік) зертханалық жұмыстардың артықшылығы:

 

  • Оқу орны ауданы мен қаржы шығындарының үнемділігі;
  • Зертханалық жұмыстарды әрбір оқушының жеке-жеке орындау мүмкіндігі;
  • Оқытылатын жабдықтармен қауіпті және апаттық режимдерде жұмыс жасау мүмкіндігі;
  • Тәжірибе шарттарын өзгертудің мүмкіндігі;
  • Пайдалану шығындарының болмауы.

Әр түрлі технологиялар кәсіпшілік дағдылары мен іскерліктерін, ішкі түйсіктері мен шығармашылық қабілеттерін әр түрлі дамытуға мүмкіндік береді.

 

Есте сақтаудың пайыздық үлесі:

  • мәтін оқыған кезде — 10-30%;
  • сызба мен кестелерде көзбен көрген кезде — 20-40%;
  • көріп-естіген кезде (мультимедиа) — 30-50%;
  • айтып-жазған кезде (интерактив) — 50-75%;
  • көріп-жасаған кезде (модельдеу, тренажерлар) — 65-95%.

Осыған орай, виртуалды шынайылылықты қалыптастыру технологиясының көмегімен білім берудің тиімділігін арттыруға болады деген қорытынды жасауға болады, өйткені бұл жағдайда адамның бірнеше қабылдау каналдары (көру,есту, кинестика) қамтылады.

Технологиялардың тиімді түрлерінің бірі — электроңдық оқу құралын арнайы пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды қолдану — бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық проектілерге нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын электрондық оқу құралы.

Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде окушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы тандалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқу- лық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тындатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланын кұштарлығы оянады деп есептеймін. Осылайша оқыту кұралдарының бірі — электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жана информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тестік бақылауға арналған бағдарламалық кұрал .

 

Білім — болашак бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінін бірі — жеке тұлғаның кұзіреттілігін дамыту. Құзірет — оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттаңдыру мақсатыңдағы табысты  іс-әрекетіне қажетті білім дайыңдығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік — окушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі.

ҚР Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінін басты міндеті — ұлттық және азаматтык кұндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамдк калыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталган, білім алу үшін кажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге жол ашады .

Сондықтан сабақ барысын жаңаша ұйымдастыру қажет. Оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру керек деп есептеймін. Әр сабаққа дайындық — мұғалімнің ізденісінің нәтижесі, сабақты ыңғайына қарай түрлендіре түссе, әр сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді қолданса, сабақтың мазмұны ашылады.

Жалпы, оқу процесінде инновациялық технологияларды қолданып сабақ түсіндірудің маңызы өте зор және оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын калыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол. Осы біліммен өндіріске барған жас маман кейінгі заманауи мүмкіндіктермен жұмыс жасау шеберлігін калыптастыра алады. Сондықтан оқу процесінде инновацияны қолдану — біздін басты міндетіміз болып саналады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *