Внеклассное мероприятие «Желбірей бер, Тәуелсіздік байрағы!»

Сейтқалиева Бақыт Сейтқалиқызы

Заведующий отделением, преподаватель

Учреждение образования «Авиценна» медицинский колледж

Түсінік хат.

Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Бабалардың  арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті  ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды.

Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 23 жыл болыпты. Осы азғантай уақыттың ішінде елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға пара-пар. Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар.

Тәрбие сағатында оқушылармен бірге осы тарихи сәттерді, тәуелсіздік шежіресіне тағы бір рет ораламыз.

Тақырыбы: «Желбірей бер, Тәуелсіздік байрағы!»

Сабақтың мақсаты:

Тәрбиелік: Оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып, патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың түрі:тәрбие сағаты

Көрнекілігі:ҚР рәміздері, Ата заң, суреттер, шарлар, «Тәуелсіздік шежіресі», «Алматы 1986 Желтоқсан» кітаптары,  «Тәуелсіздік хроникасы» жинағы, қанатты сөздер жазылған плакаттар: «Мәңгілік мақтан, Дауылпаз дастан – Қазақстан!», «Жасай бер, жаса, тәуелсіз ел –Қазақстан!», «Мен – Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!»

Сабақтың міндеттері.

Түсінігі болуы керек:

  • Ұлт жанашырларын, қайраткерлерін жадында сақтау
  • Тәуелсіз елдің тарихын білу

Сабақтың әдісі:Баяндау, мәнерлеп оқу.

Жоспары: 

І. Кіріспе (Мұғалім сөзі)

ІІ. Тәуелсіз ел тарихы беттерінен қойылым (сахналау)

Ән «Туған ел»
ІІІ. Тәуелсіз ел шежіресі (Ағаш бұтақтарына жапырақтар жапсыра отырып елдің жетістіктерін баяндау)

Қазақ биі

ІV. Оқушылар шығармашылығынан: (мәнерлеп оқу)

Күй попурри

  1. Қорытынды

ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ БАРЫСЫ

І. Кіріспе.  Мұғалім сөзі:
Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Бабалардың  арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті  ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды.

Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 23 жыл болыпты. Осы азғантай уақыттың ішінде елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға пара-пар. Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар.

Аяужан:

Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе берер!
Шұғыла:

Мерекең құтты болсын егемен ел,
Терезең барлық елмен тең ерен ел.
Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
Теңдікті,бостандықты иеленгендер.
Аяужан:Батырлықтың уызына жараған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта
Кім айта алар болмаған деп әнұран

(Әнұран орындалады)

Аяужан:

Азаттық, Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады.
Шұғыла: Абылай заманы – батырлар заманы.
Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен, қасық қаны қалғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама! Ендеше тәуелсіз еліміздің тарихындағы кейбір сәттерге көз жүгіртейік:

І көрініс: ЖОҢҒАР ХАНЫ ОРДАСЫНДА

Жоңғар хан ордасы. Хан тақта отыр.
Уәзір (Раушан): Ләппай, тақсыр! Қазақтар келіп тұр!
Хан (Жансая): Кірсін! (бір топ қазақ елінің адамдары кіреді).
Хан: Иә, қазақтар! Неменеге келдіңдер! Айтатындарыңды айтыңдар да, үйлеріңе қайтыңдар!
Қазыбек: Біз қазақ деген елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз
Елден құт — береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп.
Найзаға үкі таққан елміз.
Досымызды сақтай білген елміз
Дәм — тұзды ақтай білге елміз
Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды,
Анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды
Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз,
Сен қалмақ та, біз қазақ.
Қарпысқалы келгенбіз,
Қазақ, қалмақ баласы,
Табысқалы келгенбіз,
Табысуға көнбесең,
Шабысқалы келгенбіз.
Сен Қабылан да, біз Арыстан,
Алысқалы келгенбіз.
Жаңа үйреткен жас тұлпар
Жарысқалы келгенбіз.
Тұтқыр сары желімбіз
Жабысқалы келгенбіз
Сен темір де, біз көмір,
Еріткелі келгенбіз,
Берсең жөндеп бітіміңді айт,
Не тұрысатын жеріңді айт!
Хан: Балам, атың кім?
Бала: Атым, Қазыбек, әкем — Келдібек би, ұлтым — қазақ, руым – Қаракесек.
Хан: Ендеше, дауысың қаздың дауысындай қаңқылдап шығады екен, есімің қаз дауысты Қазыбек боп қайта жаңғырсын. (Хан шапалақ ұрады)
Уәзір: Ләппай тақсыр!

Хан: Қамаудағы қазақтарды босатыңдар!

1 — жүргізуші:
Енді бізге қайта оралды заңғарлар!
Сталиндік тозақтарда жанғандар!
Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,
Ілиястар, Бейімбетер, Мағжандар!
2 — жүргізуші: Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де, тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.
ІІ КӨРІНІС.

Бес арыс бейнесіндегі бес баланы әскерлер алып шығады. Атуға дайындап тұрғызады да,
Әскер: — Иә, соңғы сөзді іштеріңнен кім айтады?
Міржақып Дулатов:

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,

Қарағым, енді жату жарамас-ты.

(Мылтық даусы естіледі, құлайды)
Мұңды музыка ойналады.

1 — жүргізуші: 1986 жылдың 16 желтоқсаны.
2 — жүргізуші: Қазақтың санасын сілкіндірген Желтоқсан ызғары жылдар бойы армен мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.
1 — жүргізуші: Тарихым жатыр тасымда,
Тіл қатып, келер ғасырға.
2 — жүргізуші: Азаттық дейтін ұғымның
Желтоқсан тұр басында.
ІІІ КӨРІНІС.
Тергеуші: Кіргізіңдер! Қайрат Рысқұлбековты. (Әскери адамдар
Қ. Рысқұлбеков бейнесіндегі оқушыны алып кіреді).
Тергеуші: Ал, Рысқұлбеков әбден ойланып, ақылға келген шығарсың. Айтасың шындықты! Үндемейсің, иә! Ендеше, жазбаша жазып бер! Бол, тез! Жылдам!
Оқушы (Қайрат бейнесіндегі):
Елбең, елбең жүгірген.
Ебелек отқа семіген.
Арғымақ мінген жаратып,
Ақ сауыт киген темірден.
Алатаудай бабалар!
Аруағыңмен жебей гөр!
Күнәдан таза басым бар
21 — де жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық,
Атам десең атыңдар!

1-жүргізуші:

Қына көктеп қоңыр қырдың тасына,

Бастағандай көгім бүгін ашыла.

Еңсесі тік, тәуелсіз ел болдық біз,

Бақыт қонды қазағымның басына.

2-жүргізуші:

Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын. .
Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,
Қазағым, сен қашанда тұғырдасың

Ән Аида

Аяужан: Міне, Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 23 жыл болыпты. Тәуелсіздігіміз баянды болсын, ағайын!

Шұғыла: Ендеше, ең басты бақытымыз тәуелсіздік жылдарының 23 жыл бойы жеткен жетістіктер шежіресіне ой жіберелік: /бұтаққа көк жалаушаларды бір-бірлеп ілу/

Тәуелсіздік ағашы

  1. 1991 жылы 1- желтоқсанда республикада бүкіл халықтық президент сайлауы болып өтті. Қазақ Кеңестік Социалдық Республиканың президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
  2. 1991жыл Қазақстан жоғарғы кеңесі 1991жылы 16 — желтоқсан да Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады. Осы жылы 10 — қазан қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
  3. 1992жылы маусым айында Қазақстан БҰҰ — на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады.
  4. 1993 жылы 28-қантарда Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қабылданды жане 1995жыл тамыздың 30да Референдунда ұсынылған жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды
  5. 1993 жыл қарашаның 15күні Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы теңге айналымға енді
  6. 1994 жылы ядролық қаруды тоқтату туралы келісім шартқа қол қойылды
  7. 1996жыл 30қаңтарда Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы болды.
  8. 1997жыл қуғын — сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды.
  9. 1997жыл ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып жарияланды, осы жылы Білім Заңы қабылданды.
  10. 1998жыл Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы деп жарияланды. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстанның 2030 даму стратегиясы жарияланды. 6 — мамырда ел Астанасы Ақмола қаласына көшті
  11. 1999жыл 10қаңтар Президент сайлау нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев 7 — жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
  12. 2000жыл Мәдениетті қолдау жылы. Шежірелі Түркістанның 1500жылдығы тойланды.
  13. Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев 2001жылды Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы жылы деп жариялады.
  14. 2006жыл! Желтоқсан оқиғасының 20жылдығы аталып өтті
  15. 2011 жылы 30-қантар мен 7-ақпан аралығында VII Қысқы Азиада ойындары  халықтың спортқа деген қызығушылығын , салауатты өмір салтын ұстанатын, рухы таза, жігері берік ел екендігін көрсетеді.
  16. 2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады.

Аяужан:

Самал қағып сыңғырлап шертілгендей,
Дүбірді естіп боз тарлан желпінгендей.
Күмбірлеп қоңыр үнің естілгенде,
Көңілдің қара бұлты серпілгендей.

Шұғыла

Домбыра жүрегіммен үндес едің,
Өзіңмен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң
Өмірдің не екенін білмес едім, — деп ақын М.Мақатаев жырлағандай қазақ халқының небір ән – күйлері мен жыр – дастандары кейінгі ұрпаққа осы домбыра арқылы жеткен.  Олай болса, кезекті күйші қыздарымызға берейік.

Күй ойналады

Аяужан:

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Шұғыла: Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі -дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
23 жылдығына арналған оқушылардың шығармашылығына кез берейік.

Шыгармашылық Мадина Балжан

Би: «Ата толғауы»

Аяужан:Мен қазақпын мың өліп мың тірілген
Жүрегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.
Шұғыла:Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді айта бергім!

ҚАЗАҚСТАН:

Қ — Қасиет пен құт дарыған ел,
А — Аңсаған арманы орындалған ел.
З — Заман ағысынан қалмаған ел.
А — Азаттығын асқақтатқан ел.
Қ — Қаһарман, батырлар туған ел.
С — Сан ғасыр азап шеккен ел,
Т — Тәуелсіздік, егемендік алған ел.
А — Азаматын ардақтаған ел.
Н — Намысын сақтай білген ел!

Аяужан:

Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ — дәулетім,
Болашағым, өнер — білім, өркенім.
Шұғыла:

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Хор: «Қазақ елі»

Қорытынды.

Мұғалім:

Міне, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі,

— деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз,Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *