Доклад «Мұғалім мамандығындағы менің парызым»

Көпбаева Эльвира  Тұрсыналықызы

учитель самопознании

«Средняя школа отдела образования акимата района

Т.Рыскулова Жамбылской области»

                                                     Жай мұғалім хабарлайды,

                                                  Жақсы мұғалім түсіндіреді

                                                 Керемет мұғалім көрсетеді

                                                                                              Ұлы мұғалім      

                                                                                                              шабыттандырады

 

 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының білім берудің 12 жылдық моделіне көшу бөлімінде: «əрбір мектепте тұлғаның рухани- адамгершілік қасиеттерін дамытуды ынталандыратын ізгі білім беру ортасын құру: өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау жəне өзін-өзі жетілдіру. Білім беру ұйымдары мен отбасыларда рухани- адамгершілік мəдениеттің жоғары деңгейіне қол жеткізілетін болады. Барлық балалар, оқушылар, студенттер мен педагог қызметкерлер Өзін-өзі танудың негізін, жалпыадамзаттық құндылықтардың дамуын меңгеретін болады» –  делінген

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес адамның тұлғалық және кәсіби шыңдалуына қол жеткізу мақсатында бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу бағытын жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар жасалуда.

XXI ғасырдағы адамның руханилығы, оның шығармашылық интеллектісі, жаңалықтарға ашықтығы қоғамның негізгі капиталы ретінде бағаланады. Сондай-ақ инновациялық процестің негізі – жаңалықтарды қалыптастырып  жүзеге  асыру. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.

Елбасы Н.Назарбаевтың білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІІ съездінде білім сапасын арттыру жөнінде тұжырымды ой айта келіп, білім нәрімен сусындататын біздің асыл да ардақты ұстаздарымызға да үлкен міндеттерді жүктегені барлығымызға мәлім. Ендеше, келешекте Қазақстанның ғарыштап дамуына өз үлесін қосатын бүгінгі ұрпақ – ертеңгі азамат болғандықтан, оқу-тәрбие үрдісін жаңартып, білім сапасын арттыру оқытушылар құзырындағы өте үлкен жауапты іс.

Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмы­сы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын, көптеген жылдар бойы бар балаға қамқорлық нұрын төккен, аналық жүрек жылуын бала өміріне еңбек ету жолына арнап келе жатқан «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының авторлығымен енгізілген «Өзін-өзі тану» рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасының маңызы өте зор, сырлы әлемге толы дүние. «Өзін-өзі тану» пәні оқушылар өздерін қоғамның бір бөлігі ретінде сезіне білуіне және өз ұлтының рухани – адамгершілік құндылықтары негізінде өзінің орнын білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіліп отырған тәрбие сабағы. Себебі өзін-өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы-талдауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.

Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани-адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білу аса маңызды. Осы орайда «Өзін-өзі тану» уақыттың талабы бойынша құрылған білім беру бағдарламасы. «Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-кұлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған.

Сондай-ақ жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір   шарты – оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Сонымен бірге Қазақстан Республикасындағы қазіргі білім беру жүйесі адамгершілік пен руханилықты дамытуға бағдарланғаны анық. Адамгершілік адамның жалпы мәдениетінің көрсеткіші ретінде оның абыройын, жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануын білдіреді. Руханилық-адамның  материалдық емес, адамгершілік құндылықтар басымдығына негізделген адам мен адамзат өмірінің рухтық-сезімдік жақтары, адамдардың өзгеше ойлау бейнесі мен тіршілік әрекеті.

Әлемді құндылық тұрғысында ұғыну барысында өзін-өзі танудың ролі шексіз арта түсуде. Мұның өзі бәсекеге қабілетті   тұлға тәрбиелеуге  көмектеседі.

Қазіргі әлемдік білім беру кеңістігінде жастардың бойында әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға, көп түрлі мәдениеттерді құрметтеуге ,тәрбиелеуге, руханилыққа, адамгершілікке қызығушылығын оятуға, өскелең  ұрпақтың  әлеуметтік белсенділігін дамытуға баса назар аударылып отыр.

Білімді жаңартудың мәдени-әлеуметтік маңыздылығы жалпыадамзаттық құндылықтарға басымдылық берілетін бірегей  әлемдік қауымдастық құру болып табылады. Сонымен қатар өз ойына, сөзіне, іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын, табысты еңбек етуге дайын, өмірдің мәнін түсіне білетін бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу аса маңызды рол атқарады. Рухани-адамгершілік білім беру жеке тұлғаның  әлеуетін барынша ашуға, өзін-өзі тану процесінде жақсы адамды тәрбиелеуге бағдарланған.

Рухани-адамгершілік білімді іске асыру процесі:

  • әрбір тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі іске асыру қажеттілігін түсінуі үшін жағдай туғызу негізінде жалпыадамзаттық құндылықтарға қатыстыруды;
  • олардың жеке тұлғаның қалыптасуындағы ролін күшейтуді; мектепте оқытылатын пәндердің тәрбиелік әлеуетін және әрбір оқу орындарында жеке тұлғаның рухани-адамгершілік сапасын дамытуды ынталандыратын ізгілікті білім ортасын құруды;
  • оқушылардың қоғамға қызмет етуге бағытталған жасампаздық белсенділігін арттыруды;
  • қазақстандық қоғамда өскелең ұрпақты  рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мәселесіндегі кең көлемді әлеуметтік серіктестікті дамытуды көздейді.

Осы бағыт тұлғаның сөзсіз құндылық екендігін, оның жоғары деңгейдегі өзіндік санасын, өз абыройын, өзін-өзі құрметтеуге, пікір дербестігін сезінуге, өзін-өзі жетілдіру қабілеттеріне, рухани әлемдегі және қоршаған өмірдегі жағдаяттарды бағдарлай алу іскерлігін, өз бетінше шешім қабылдай алуға және өз әрекеттері үшін жауапты болуға тәрбиелейді. Міне, осылай бәсекеге қабілетті өскелең ұрпақ өзін-өзі танудың нәтижесінде азаматтықтың құндылықтары мен адамгершіліктік идеалдарына тартылады, тұлғаның өзін-өзі жағымды қабылдауы қалыптасады, адамның  өмірлік мұратын саналы түрде ұғына бастайды.

Қазақтай елдің бағына?!-демекші қазіргі кезде өскелең ұрпақты тәрбиелеуде алға қойып отырған мақсаттардың бірі – қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, мемлекетіміздің болашағы-жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осы кезде өскелең ұрпақ өзінің ішкі жан дүниесін, алуан түрлі сырларын  жақсы білсе, ол сыртқы дүниенің тәнге күнбе-күн жасайтын ықпалын түсініп, адамзат қоғамына пайдалы істер жасауға тырысады. Адамдардың өмір сүру құштарлығы, олардың мақсаттары, бәрі адамның өзін-өзі тани білуімен сабақтас.  Дәл осы кезеңде баланың жеке тұлға ретінде үйлесімді қалыптасуы мен дамуы өзін-өзі тани білгенде ғана жүзеге аспақ.

Сол себепті қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе тұлғаны адамгершілік – рухани тұрғыдан дамыту, ар-ұятымызды молайтып, адамгершілік қасиеттерімізді жетілдіру арқылы ізгілікке, инабаттылыққа, парасаттылыққа үйрету. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының басқа бағдарламалардан айырмашылығы Қазақстанның білім жүйесінде мұғалімдерді жеке тұлға тәрбиесін ізгілендіруге бағыттап, өскелең ұрпақтың өзіндік «менін» қалыптастыруды көздеуінде болып отыр.

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары тұлға тәрбиелей аламыз.

Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен мұғалімдер шешуші рөл атқарады.

«Өзін-өзі тану»  пәні баланың бойындағы ізгілікті мақсат, көтеріңкі көңіл-күй, өзіндік ерекшелігі арқылы өз ортасына деген сүйіспеншілік, сыйластық, бауырмалдық, жауапкершілік, кішіпейілділік секілді асыл қасиеттерін шыңдайды.

Ұрпақ тағдыры – ұлт тағдыры демекші, ұлттың болашағы-оның білімді, талантты, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында. Мектептің негізгі құндылығы оқушы десек, оған жеке тұлға ретінде қарау міндетіміз. Қиын балалардың пайда болуы, сонымен қатар бала мен ата-ана арасындағы кері пікірдің туындауы – рухани-адамгершілік білімнің жеткіліксіздігінің әсері. Міне, осындай білім саласындағы ол қылықтардың орнын толтырытын пән –  «Өзін-өзі» тану пәні.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *