Доклад «Үздіксіз білім беру жүйесінде педагогтың рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту»

Ускенбаева Гульзира Абдуалиевна

методист

Отдел образования акимата районаТ.Рыскулова

Жамбылской области

«Білім алуға ұмтылу әрбір адамның міндеті»

Рухани адамгершілікті қарым-қатынасқа дайын, өмірлік белсенділігі қалыптасқан мектептің жүрегіндей соғатын мәдениетті педагогтың үздіксіз білім беру жүйесінде дамуы заман талабы. Елдің болашақтағы мықтылығы, экономикалық әл-ауқаты қазіргі заман талабына сай заманауи жаһандану білім үрдісінің құзыреттілігі педагогтың жан-жақты, жаңа форматты өсуіне байланысты.

Адамның рухани әлемін, оның бүкіл адамгершілік ішкі сезім-қасиеттерін қалыптастырып, педагог ой-санасын ұдайы арттырып рухани дүниесін байыта беру, ұлы мақсатқа қол жеткізу, оқытудың әдіс-тәсілдерін, түрлерін тынбай іздестіріп, үнемі жетілдіре беру қажет. Шындалған педагогтың ойындағы талаптың көзі ашылып, қандай да болмасын алған азығын көзбен көріп, құлақпен естіп бойына сіңіреді және бала бойына сіңіре алады.

Адамгерішілік, мәдениеттілік- терең ой сезімінің құдыретінде. Педагогтың түбегейлі байлығы -терең ой, ақыл, адамиқұныдылық, мәдениеттілік, үздіксіз білім. Нағыз педагог өзін –өзі жетілдіріп отыру керек. Ақылға табыну, ой парасатты қастерлеу, интелегент атты адам сапасын ерекше бағалау- бүгінгі өркениетті қоғам үшін де жетіспей келе жатқан жәй екені анық. Адамның ең басты ізгі мақсатының бірі: өмір сүру, тәрбие білім алу тағы сол сияқтылар, екіншісі: адамзатқа қызмет ету. Егер де сіз болашағыңыз жақсы болсын десеңіз бойыңыздағы үздіксіз ізденіспен алған жақсы адами қасиеттеріңізді бала бойына тарата біліңіз. Оқушы сіздің көлеңкеңіз. Ол әрине білімді педагогтан оқушының санасына баруы қажет. Адам бәріне салыстырмалы түрде қарап үйренсе, өзін-өзі тәрбиелейді және өзгені де тәрбиелей алары сөзсіз…

Ғылым, білім адам баласы ой-санасының, дүниетанымының өсуіне байланысты бірте-бірте дамып, қалыптасады деп ойлаймын.

Қарап отырсаңыз, қазіргі білім берудің, қоғамның және мемлекеттің басты мақсатының бірі жоғары адамгершілікті, бастамашыл, шығармашыл, жауапкершіл, құзыретті Қазақстан азаматын тәрбиелеу, әлеуметтік педагогиканың қолдауды құру мен дамыту болып табылады. Бүгінде педагог тек білімдік жетістіктерге ғана емес, сонымен қатар жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне жауап берері анық. Сондықтан да тәрбие үрдісін ізгілендіреді, ұлттық мәдениеттің, халық даналығының бүкіл адами тәрбиесін есепке ала отырып, қоғамдық шындықты құрайтыны баршамызға түсінікті болуы тиіс. Әрине, педагог рөлі оның адамгершілік және кәсіби беделі еліміздің рухани-адамгершілікті жауапкершіл, бастамашыл және құзыретті азамат тәрбиелеу ісінде түйінді маңызға ие. Шынында да табысты тұлға ғана дамытудың факторы ретінде, сондай-ақ бүкіл мектептің жоғары оқу орындарының білімдік үдерісінде, педагогтың жеке үлгісі маңызды болып табылады. Педагог өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесі заманауи білімдік жүйенің алдыңғы қатарлы құраушысы болып табылады.

Кейде көңілім, кебір жас мамандарға қайран қалады. Себебі, сауаттылық жеткіліксіз болып тұрғандай көрінеді. Елбасымыздың, жалпы білім саласында жанашыр тұлғалар да сауаттылық үшін қаншама алға ұмтылыс жасайтындай мүмкіндіктер, қосымша семинарлар, қосымша білім алу үшін қаншама қаражат бөліп оқытып жатыр емес пе?! Ең озық жабдықтармен және ең заманауи білім үрдісіне қолайлы мүмкіндіктер жасауда яғни осы мүмкіндікті іске асырушы балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу педагогтың құзыреттілігінде.

Өз пәніміз бойынша, бала бойын қаншама адами құныдылықты, мәдениеттілікті үйретуге болады. Жоғары оқу орнында сабақ беретін педагогтардың өзі үздіксіз даму үстінде болса, талапкердің білім алушының өзіде ертең білімді педагог болып оқушыға да өз тәжірибесін көрсетері анық.

Адамгершілікті адамды тәрбиелеудің бірегей жүйесін құрған В.А.Сухомлинский жауапкершілік, парыз, ұят және рух күшінің көрінісі арқылы рухани кемелденудің жолдарын көрсетті.

Қарап отырсақ: «Идеяны ашатын ғалымдар, іске асырушы ақылдылар, ал жемісін көруші ақымақтар»-демекші дайын қалыптастыратын кеткен дүниені дұрыс іске асырсаң оның өзі сауаттылыққа, білімділікке қадам жасау, пайда келтіру.

Осы ібілм жолын таңдаған мамандар біріншіден сол мамандықтың қас шебері, яғни ынтасы бар адам ғана таңдаса деп ойлаймын. Сонда ғана мектептің болашағы алда, оқушылары саналы, білімді болар еді…

Оқушы біздің жүрегіміз, мамандығымыз біздің-өміріміз. Сондықтан да балаға сапалы білім беріп, зиян келтірмеуіңізді қатаң ескерткім келеді. Ұстазға да- ұстау керек. Өмір, білім әркімнің күшіне қарай беріледі. Құрметті ұстаздар әрқашан алға ұмтылыс сізбен біздің қасымызда….

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігіде жойылары сөзсіз. Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол- кемел ұстаз. Сондықтан да оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жартысы. Мектепке керегі- білімді педагог, жақсы оқыта білетін, үздіксіз білім беру жүйесінде адал қызмет ететін, өз мамандығын сүйетін кәсіби шеберлігі жоғары, адамтану, адам жанының рухани дүниесіне үңіле білетін ғажайып қайталанбас жан болуы тиіс.

Қоғамды бағыттаушы, қоғамды бастаушы педагогтарымыздың, «Алдымда үлкен арман, Күтетін үлкен үміт атқан таңнан»- деген ұрандарыңыз ешқашан үзілмесін.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *