Разработка внекласного часа: «Қош бол, сүйікті әліппем!»

Мақсаты:
Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Матем» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.
Оқушылар орындықтарда отырады.
Барысы: Атасы немересін жетектеп келеді.
Аружан Автор:
Жеті жасар баласын,
Жетпісте шал жетектеп.
Келе жатыр көшеде,
«Қайда әлгі мектеп»-деп.
Жетпіс келед жүгіріп.
Сұлтан Ата:
Балам,балам, жақсы бол,
Міне,сенің мектебің.
Сабағыңа зейін сал
Ақылды бол тентегім.
Асылхан Немере:
Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып.
Мұғалім:
Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.

Т Мадина ІІ-жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.
Ернар І-жүргізуші:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Мұғалім: (оқушылар орындарынан тұрып)
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл- ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!
Балалар мен сендере жұмбақ жасырамын. қане шешіп көріңдерші?
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті- Әліппе!
Ол сүйікті -Әліппе!
Мұғалім:
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе:
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Ернар 1- жүргізуші
— Құрметті әліппе бүгін біз сізбен қоштасқалы отырмыз.Сізден үйренген бар өнерімізді ортаға салмақпыз. Бүгінгі мерекеміздің құрметті қонағы болыңыз, отырыңыз.
Ескендір:
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
А Айым:
Сөйледі олар тіл бітіп
Не бір қызық сырларды
Тыңдай бердім мен жұтып
Тіл біткен тақпақ жырларды

Е Айым:
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Әселя:
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!
Мақта қыз бен мысық ертегісі:
Автор: Мақта қыз: Мысық:
Сиыр: Ағаш: Қыз:
Дүкенші: тауық: Тышқан:

Т Мадина 2 жүргізуші:
Қане бері қарайық,
Зейін қойып тыңдайық
Әріптермен танысу
Тақпақтардан бастайық.

Енді ортаға әріптерді шақырайық.
«ОТАН» сөзі шығатындай
( О,Т,А,Н) әріптер таққан оқушылар шығып тақпақ оқиды.
Шерхан:
Оспан да өлең жаттады,
Олжас та өлең жаттады.
Мына менен басталған
Екеуінің аттары.
Даниял:
Торғай, торғай, торғайсың
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тонбайсың.
Дамир:
Астана- Астанам,
Астана-бас қалам.
Ардақтап атыңды,
Аузымнан тастаман.
Айгерім :
Ас біткеннің атасы
Қасиетті «нан» осы.
Қайсы әріптен басталып
Аяқталғанын қарашы.
Мұғалім:
— Балалар осы әріптерді бірге оқысақ қандай сөз шығады?
Хормен Отан!
-Айтыңдаршы балалар Отан деген не?
Диляра: Отан менің Ата-анам
Даурен: Отан досым, бауырым
А Айым: Отан өлкем, астанам
Мирас: Отан туған ауылым
Рахмет балалар, Білмесбек болмай, Білгішбек болыңдар!
( сахнаға кір-қожалақ Білмесбек келеді)
Білмесбек:
-Мыналар не жиналған -әй. Менің атымды атаған қайсың?
Асылжан:
-Сәлеметсің бе Білмесбек! Бүгін бізде «Әліппемен қоштасу» мерекесі өтіп жатыр.
Білмесбек:
-Әліппемен қош-та-су. Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін. Чао!
( кетіп бара жатып, бір баланың әріпіне ұмтылады)
Бала:
-Тиіспе, Мұнда әріп жазылған.
Білмесбек:
-Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті, ал мынау орындықтың суретін салып қойыпты-ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай-ақ білемін.
Мұғалім: Ол не дегенің Білмесбек. Бұлар О,Н әріптері. Дегенмен балалар Білмесбектің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас.
Кәне, енді сөздер құрастырып , оқу сауатымызды көрсетейік. Сөздерді дұрыс оқу үшін сандарды өсу ретімен орналастыру керек. Содан соң шыққан сөзді оқимыз.Білмесбек бірнеше рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді де, сандарды, әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды.балалар Қазақстан деген сөз шығарады
Қ А З АҚСТАН
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Білмесбек: Ал енді осы сөздің мағынасын білісіңдер ме?
Мұғалім: Балалар ендеше Білмесбекке «Алға Қазақстан!» биін билеп берейікші
Би: Алға Қазақстан
Мұғалім: Міне Білмесбек , көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі.биді де жақсы билейді.
Білмесбек: Онда мен де кітап оқығым келеді. Мен де өнерлі болғым келеді.
Мұғалім: Бұның дұрыс болды. Тек алдымен үсті –басыңды тазалап, жөнге сал. «Әліппені» таза, ұқыпты балалар ғана ұстайды.
Білмесбек: Жарайды.(шығып кетеді)
Даурен:
Жеміске құты тола ма,
Бір бірлеп теріп алмаса?
Әп-сәтте шыға қоя ма,
Еккен дәнің ойласаң?
Білім де сондай қарағым,
Біртіндеп сіңер ойыңа
Ұғып ал: білім боларын
Шам шырағың жолыңда
Көлге айналған бұлақтың
Қайнар көзін көріп пең?
Том-том қалың кітаптың
Басы болар Әліппең…

Ән: « Әліппе»
Мұғалім :Балалар , әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулерің ата-ана үшін де ,мен үшін де үлкен қуаныш.
МадинаІІ- жүргізуші:
Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік. Рахмет саған «Әліппе».(хормен)

Асылжан:
«Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.

Қ Мадина:
Қош бол құтты Әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тқылдатып сөйлеттің

Диляра:
Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық тойладық

Ернар: — Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген аталарымызбен әжелеріміз, әкелеріміз аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі ән- шашуымыз сіздерге арналады.
Би: « Жігіттер биі »

Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату)
Хормен: Қош бол, сүйікті Әліппе! Әліппе кетеді
Мұғалім. Балалар міне сүйікті әліппемізбен де қоштастық.Әліппемен сәтті қоштасқаны үшін берілетін дипломдарын табыстауға мектеп басшысы Шакенов Данияр Қараханұлын ортаға шақырамыз.
Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
дей отыра сөз кезегін ата-аналарға береміз.
Ән: « Оқуда озат боламыз »
— Құрметі ұстаздар, ата-аналар осымен бүгінгі әліппемен қоштасуға арналған шағын ертеңгілігіміз аяқталды.Рахмет, сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *