Открытый урок «Қырыққұдық ауылында мекендейтін құстар»

Степногорск қаласы

Қырық құдық орта мектебі

Өткізген:Абилова Ғазиза Исматовна

Пән: Биология                                   Сынып: 7                                      Күн: 22.04.15ж.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Құстар тақырыбын қайталау арқылы жеке және ұжыммен жұмыс жасау барысында шығармашылық қабілеттерін көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың өз туған ауылының  құстарын альбом жасау арқылы, дағдыларын,ой-өрістерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз туған ауылдарында өмір сүретін құстар туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштік қасиеттерін арттыру .

Көрнекіліктер:Интерактивті тақта,тест,сөзжұмбақ,плакат,қарандаштар,әр түрлі суреттер,құстың даусы.

 Сабақ түрі: Аралас

 

Сабақтың барысы

  Ұйымдастыру

 » Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілеп елдің «

рп     Құстың даусы шығып тұрады.Мұғалім балаларды ортаға шығарып, көздерін жұмып,орман ішінде жүргендерін естеріне түсіру арқылы,бүгінгі өткізілетін тақырыпты анықтап алынады.Сабақты әріқарай жалғастыру үшін оқушыларды топқа бөлінеді. Оқушылардың әрқайсысына бағалау парағы таратылып беріледі.

1.Әрқайсысы жеке тест жұмысын орындайды.

Тест
1.Құстарды зерттейтін ғылымның атауы.
а. құс шаруашылығы. б.кинелогия
ә.зоология                       в. орнитология
2.Қазіргі кезде дүние жүзінде құстардың қанша түрі белгілі:
а. 8600                            б.8400
ә. 8500                            в.8200
3.Құс денесінің температурасы:
а.+35С,+36С                   б. +38С,+39С
ә. +36,+37С                     в. + 41С,+43С
4.Құстардың жүрек құрылысы:
а.бір камералы                б. үш камералы
ә. екі  камералы               в.төрт камералы
5.Тістің  қызметін атқаратын без:
а. етті қарын                     б. құйымшақ без
ә. безді қарын                    в. тер без
6.Қыртөстің  түзілуі қай сүйекке байланысты:
а.төссүйекке                      б. қабырғаларға
ә. иыққа                             в. омыртқа  жотасының сүйектеріне

«5»-6 дұрыс болса

«4»- 5-4 дұрыс болса

«3»- 1-3 дұрыс болса

 

2.Топпен  құстар тақырыбы бойынша сөзжұмбақ шешеді.

ро

 

 

 

 

 

СӨЗЖҰМБАҚ

                                                                     сұрақтары.

1.Махаббатың символы…….

2.Орман емшісі………..

3.75 млн жыл бұрын тіршілік еткен  құс……..

4.Қоқиқаз осы қорықтың паспорты…….

5.Салмағы 90 кг-ға жететін құстың аты……

6.Қазақта қандай құсқа арнап 1-ші рет мультфильм түсірілді…….

7.Тауда мекендейтін,киелі құс………

8.Аққудың балапаны……………..

9.Батпақты жерде өмір сүріп, балықпен, бақамен өмір сүретін құс……..

10.Қыран құстың балапаны қалай атайды?

 

  1. » Туған жерді сүю парыз

                 Сүю үшін білу парыз. «

    Балалардың барлығы бұл бөлімде шығармашылық жұмыспен айналысады.2-ге  бөлінген топтар басталған альбомды барлығы бірлесіп жұмыс жасайды.

Құстарды өмір сүретін  орындарына байланысты:
1.Үйде шаруашылында мекендейтін құстар.
2.Орманда мекендейтін құстар.
3.Далада немесе жыртқыш өмір сүретін құстар.
4.Суда өмір сүретін құстар.

Қорытындылау Оқушыларға құстардың хаты салынған конвертті беремін.Олар конвертті ашып қандай құстан келгенін анықтайды.

1-топ

      Көкек.

 

     Мені тағамдық азық-түлікте тауық жұмыртқасы ретінде жоғары бағаланады.Менің арғы тегім -жабайы банкив.Адамның қолға үйреткеніне де 4 жарым мыңнан астам жыл өтті, қазір тауықтар бастапқы тегінен мүлде өзгеріп,көп жұмыртқалайды, салмағыда ауыр,мінез-қылығында,түр түсінде де  өзгерістер өте көп.

 

 

 

2-топ

         Тоқылдақ.

 

    Дүние жүзінде кең тараған құс. “Кук-кук” деп дауыс шығарады. Көкектің негізгі ерекшелігі –өз бетінше ұя жасамайды.Жұмыртқасын басқа құстардың ұясына салып кетеді.Ол құстар өз жұмыртқасымен бірге көкектіңде жұмыртқасын басып,балапан шығарады.

     Бағалау

    Әрбір оқушы өздерінің орындаған тапсырмалардан алған бағаларын осы кестеге жазып отырады.Содан кейін барлығымыз қорытынды бағаларын қойылады.

Тапсырмалар Өзінің бағасы Мұғалімнің

бағасы

Қорытынды

 

Тест      
Сөзжұмбақ      
Альбом жасау      
       

 

Үйге тапсырма: Қырыққұдықта мекендейтін құстар жайлы эссе жазып келу.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *