Открытый урок: «Тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша жүргізілген зерттеу сабағының есебі»

Биология пәні бойынша орта мерзімдегі жоспарға сәйкес құрылған 8 «А» сыныбында өткізілген сабақтарымның тақырыбы «Жүйке жүйесі» тарауы бойынша құрылды. Мен III- ші деңгейлік курстағы алған білімдерімнің негізі болып саналатын оқытудағы әдіс-тәсілдерді сабағымда қалай пайдаланып, қалай жоспарлағанымды ой елегінен өткізбек мақсатында, өз алдыма міндет жүктеп отырмын. Сол себептен осы тақырыпты талқылап, қаншалықты оқушыларыма тақырып бойынша мәлімет бере алдым ба? деп ойландым. Сабақты зерттеу негізіне сабақтың мақсатында көрсетілгендей оқушылар нені білу керек, жүйке жүйесінің жіктелуін, құрылысын және ең негізгі тұйіні олардың қызметін санасына сіңіру, жеткізу керек деп жоспарлаған болатынмын.

Әр сабағымда оқушыларға психологиялық ахуал туғызу мақсатында тренингтер, пікірталас, ой толғаулар өткізуге тырыстым. Мысалы «Жүйке жүйесінің маңызы,құрылысы және мқызметі» тақырыбында өткізілген сабақта интерактивті тақтаның көмегімен «Көңілді көңіл күй сыйлайық» деген слайдты пайдалана отырып психологиялық тренинг жүргіздім.

Осы арқылы оқушыларға адамдардың ерекше көңіл күйі өз бойларындағы ерекше жақсы қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды деген тұжырымға келдім. Бұл іс- әрекет арқылы сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға тырыстым.

Әр бала өз бойындағы құндылықтарын біле отырып, қоршаған ортаға деген мейірімділік, жанашырлық сезімдерін шыңдауы керек.

Осы мақсатта суретте көріп отырғандай оқушылар бір-біріне қарама қарсы тұрып смайликтегі көңіл күйді бір –біріне сыйлайды. Осының нәтижесінде сыныптағы оқушылар өздерін еркін ұстап, көңіл күйлері көтеріліп, сабаққа деген ынталарының пайда болғандығы анық байқалды,

бұл әрине мені қуантты.

Содан кейін оқушыларды сол жұптарымен отырғызып «Жылдам сұрақтар» әдісі бойынша үй тапсырмасына шолу жасалды. Сабақтың келесі сатысында жұптық жұмыстар жүргізу негізінде, интерактив тақтадағы жасырын кластер құрастыру әдісін тақтадағы плакат арасындағы байланысын көрсету мақсатында жұптық тапсырма орындалды.

Менің сабақтарымда қолданған әдіс-тәсілдердің ішінде көп дамыған бағыт «Сыныпта диалогтік әңгімені дамыту». Бұл бағытты алу себебім оқушыларым өз ойларын жеткізуге, сөйлеуге қиналатынын байқадым, осыған байланысты оқушы бойында өзіне сенімділік, сыни ойлау, дұрыс шешім қабылдай білу қаблеттерін дамытуға тырыстым.Бұған дәлел осы сабақтағы жаңа ақпаратты игеру «Жұптасып-ойлан,бөліс» тәсілі негізінде жүргізіліп, кітаптағы мәтін мәліметінен алынған ақпараттарды плакат және сызбанұсқамен ұштастыра отырып орындалып қорғалды. Бұл әдістерді ұтымды пайдалану арқылы «Диалог негізінде оқыту және оқу» педагогикалық тәсілі көрініс тапқандай болды. Соның ішінде көңіл аударғаным, оқушының тақырыпты меңгергенін тексеру үшін сүрақ қою маңызды дағдылардың бірі екен, себебі сұрақтың дұрыс қойылуы сабақ берудің тиімді құралына айналатындығына көзім жетті.

Сабақ барысында әріптестерім тарих және физика пәндерінің мұғалімдері сыныптағы жақсы және орташа деңгейде үлгіретін оқушылардың танымдық деңгейлеріне бақылау жүргізіп, өз кезектерінде бағалай алды деп ойлаймын

Бұл зерттеулер маған және менің әріптестеріме не берді деген ойға көп нәрсеге жауап алуға болатынын түсіндім. Себебі оқушыны әр қырынан бақылай отырып мынадай ой түйдім:

-Оқушым Жансая өз ойын ашық білдіруге,білгенін ортаға салуға қорқа соғатындай жасқаншақтық қасиеттерінің бары анықталды;

-Сонымен қатар Азаттың ештемеден тайсалмай жартылай біле тұрып өз ойын толық жеткізуге тырысатындығын;

— Ержігіттің білім қорының анағұрлым молдығына қарамастан өзіне сенімінің аздығын байқағандай болдым. Міне осындай түйіндемелерден кейін мен келесі сабақтарымның құрылымын ой елегінен өткізе отырып жасаймын деген тұжырымға келдім

Сабақты қортындылау мақсатында оқушылардың өздерінің көмегімен тәжрибе жұмысы жасалып жүйке жұмысының қызметін және маңызын анықтайтын сұрақтар аясында мәліметтер жинақталып сабақ пысықталып қортындыланды

Сабақ жоспары бойынша жасалған бағалау,кері байланыс парағы толық қамтылмай қалды, яғни уақытты ұтымды пайдалану сәті нәтижесіз болды.

Сабақ соңынан әріптестер тарапынан кемшіліктер мен ұсыныстар жасалып, келесі сабақ жоспарын қуруға ақыл- кеңестерін берді

Қысқа мерзімдік жоспар

Апта Күні жылы Сабақ

Сабақ тақырыбы: Жүйке жүйесінің маңызы, оның құрылысы және қызметі.Нейронның құрылысы.Рефлекс,рефлекторлық доға.(Зертханалық жұмыс№ 2)

Жалпы мақсат: Оқушыларға

Сілтеме: Биология 8 сыныпқа арналған оқулық Электрондық оқулық

Оқушылар үшін

оқу нәтижелері : Оқушылар тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік алады; Басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылар түсінеді; Оқушылар өз идеяларын дәлелдеуіне мүмкіндік алады.

Негізгі идеялар: Жүйке жүйесі туралы білімдерін толықтырады,үйренеді және біледі.

Сабақта

қолданылатын

материалдар: Слайд, плакаттар,планшеттер,муляждар

Оқыту әдістері Оқу мен оқудағы жаңа тәсілдер: диалог«Жылдам сұрақтар», «Жұптасып –ойлан,бөліс» әдісі Бағалау парағы

Дерек көздері: Ғаламтор Оқулық

Тапсырмалар: Жұптық жұмыстар, зерттеп дәлелдеу

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға

психологиялық

ахуал туғызу

Қызығушылықты

ояту

Оқушылармен амандасу.Сабаққа жақсы көңіл күй тудыру. «Көтеріңкі көңіл-күй» тренингі 1. Үй тапсырмасын сұрау мақсатында «Жылдам сұрақтар» топтамасы сұрақтар тізбегіне жауап беру. «Жұптасып –ойлан,бөліс» әдісін Бір-біріне қарама- қарсы тұрып инербелсенді тақтада көрсетілген смайликтер кейпін салады, сәттілік тілейді. Оқушылар біріненсоң бірі сұрақтар тізбегіне жауап береді

Мағынаны тану (топтық жұмыс) Ой толғау Бағалау. Үйге тапсырма Рефлексия пайдаланып интербелсенді тақтадағы класткрді аяқтау және оны плакаттағы мәліметтпен байланыстыра отырып жаңа сабаққа ақпарат жинақтау -1жұп Жүйке жүйесін жіктеу — 2жұп: ЖЖ құрылысын анықтау 3 жұп:ЖЖ маңызын ашу Әр жұп постер қорғайды Бағалау парағы беріледі № 2 Зертханалық жұмыс жүргізе отырып тақырыптың маңызын ашу «Тізе рефлексін анықтау» «Қабырғадағы роль» әдісі оқушыларға стикенлер таратылады Оқулықтан оқиды Өз беттерімен оқу,жұппен талқылау. Соңында жұппен шығып ойларын қорытып дәлелдеу постер құру Берілген тапсырманы орындап жауабын жазады Өздерін-өздері бағалау парағына бағалайды. . Оқушылар «Қабырғадағы роль» әдісі арқылы оқушылар өз пікірлер мен эмоцияларын стикерлерде білдіре алады1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *