Состязание: «Тапқыр достар»

Солтустік Қазақстан облысы

Ғ.Мүсірепов атындағы аудан

КММ Новоселов орта мектебі

Қазақ тілі мұғалімі Алимбаева Бибигуль Тулигеновна

Қазақ тілінен сайыс сабақ жоспары

Мақсаты:Балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу,білімді,

жан жақты болуға үйрету.Қазақ тілі пәніне деген қызығушылықтарын

арттыру.Оқушыларды отансүйгіштікке,тапқырлыққа,адамгершілікке

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың барысы:

Ана тілің- арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,-

Өз тіліңді құрметте!

Қадыр Мырза Әли

Әділ қазы алқасы, әділ баға берсін деп әділқазылар алқасын сайлайық.

Ұлағатты сөз:

Мақсатым тіл ұстартып,өнер шашпақ …..

Абай Құнанбайұлы

Сайысқа қатысушыларға сәт сапар тілеп сайысымызды бастайық.

1 кезең. «Сөз тапқанға» деп аталады

1. Айбат шегер алыстан,аң патшасы арыстан.

2. Бата алмас түлкі,үсті тікен не? Кірпі

3. Бәрі бірдей жұмысқа,шығатын не? Құмырсқа

4.Өзінше ноян,қорқақ не? Қоян

5. Алмастан тыным,шабады не? Құлын

6. Маңайын түгел көріп,биіктен қарайды не?Керік

7.Аппақ доп тауып,шақырады ақ Тауық

8.Жағасында бұлақ,жайылып жүр Лақ

9.Дамыл таппай бір мезет,жортумен жүр сұр Көжек

2- кезең «Сен білесің бе?» деп аталады

1.Үш бидің атын атаңдар

2.Абай Құнанбайұлының өлеңдерін атаңдар

3.Ыбырай Алтынсариннің алғашқы жазған кітабы қалай аталады?

4. Абай Құнанбайұлының шын аты кім?

5.Қазақстанда барлығы неше қорықтар бар? 9

6.Киіз үйдің бөлшектерін атаңдар

7. Ленинградтық өрендерім өлеңінің авторы кім?

8.Ойлауға үйрететін ойынды атаңдар Тоғызқұмалақ

9.Қабанбай батырдың шын аты кім? Ерасыл

10.Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? Түркі тілдес қыпшақ тобы

3- кезең «Мақалды жалғастыр»

Өнер алды- қызыл тіл.

Тіл тас жарады,тас жармаса бас жарады.

Ең ащы да тіл,ең тәтті де тіл.

Қолың ұста болсың,сөзің қысқа болсын.

Көз қорқақ,қол батыр.

Дұшпан күлдіріп айтады,дос жылатып айтады.

Сөз жүйесін тапса,мал иесін табады.

Екі жақсы қас болмас.екі жаман дос болмас.

Сөз сүйектен өтер.

Тіл қылыштан өткір.

4-кезең «Білегіңе сенбе,біліміңе сен» деп аталады

Жұмбақ шешу

Білімнен мол сый асы,

Балғындардың ұясы.

Мектеп

Ақыл ойдың шырағы,

Зәулім көктей шынары

Биігіне бойлаған

Қанбайды адам құмары Кітап

Білімнің жолбасшысы,

Шәкірттің қолбасшыс. Мұғалім

Өмірді өлшейді

Ешкімнен сұрамай

Тіліңді алмайлы,

Тетігін бұрамай Сағат

Шек түсті,бүк түсті,

Алшы тұрды,тәйке тұрды,

Шеше алады кім бұны Асық

Санымыз қанша білмейміз,

Түнімен көз ілмейміз Жұлдыздар

Жазу жазып жалықпаған,

жаза жаза арықтаған Бор

Бір үй бар,кірген адам білімдар Мектеп

Жер көрдім қаласы бар,

Үйлері жоқ мекендейтін

Көл көрдім,өзен көрдім,

Сулары жоқ тереңдейтін Карта

Жаңылтпаштар

Олар Оралдан оралды,

Бұлар Аралдан оралды.

Ай, Айдарбай Айдарбай,

Сыңар мүйіз сиырыңды.

Үйіңе айдай бар.

Топ бала,топ бала,

Ойнап жүр топтала.

Зымырап допты ала,

Қуада көп бала.

Шеше неше кесе

Сынды кеше?

Қорытынды: Бағалау

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *