Открытый урок: «Шипалы, дәрілік бөлме өсімдіктері»

Мақсаты:

Білімділігі:   бөлме өсімдіктерінің дәрілік ,шипалық қасиеттері мен  адам өміріндегі маңызы туралы, өсімдіктерді өсіріп, күтіп-баптау жолдарын түсіндіру арқылы  білім беру.

Дамытушылығы:  дәрілік өсімдіктердің пайдасы туралы алған түсініктерін кеңейте отырып, алған білімдерін әрі қарай дамыту.

Тәрбиелігі:   бөлме өсімдіктерін күтіп-баптауды үйрете отырып, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: ақпараттық, ізденушілік, каучинг әдісі.

Көрнекілігі: түрлі бөлме өсімдіктері, презентация, сызба кесте, гүл тратпалары.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

 

ІІ. Психологиялық дайындық «Шаттық шеңбері»

Кәнекей, бір-бірімізбен амандасайық!

Армысың, Әлем!

Армысың, Жарық аспан!

Армысың, құрметті Қонақтар!

Армысың, менің достарым! (амандасу өлең жолдарын қимыл-қозғалыс арқылы орындайды. Таза көңілмен амандасады, көңілденеді)

 

1.Бөлме өсімдіктерін қалыпты жағдайда  өсіру үшін қандай факторлар  қажет?

 

  1. Жарық сүйгіш бөлме өсімдіктері
  2. Көлеңке сүйгіш бөлме өсімдіктері
  3. Жарықтың шашырап түсуін қажет ететін  бөлме өсімдіктер.

«Кім тапқыр?» ойыны. (Берілген бөлме өсімдіктерін климаттық флорасына қарай орналастырады)

Өсімдіктердің атауы Жарық сүйгіш өсімдіктер Жарықтың шашырап түсуін қажет ететін өсімдіктер Көлеңкеге төзімді өсімдіктер
Шефлера Кактус Шефлера Қырыққұлақ
Пальмалар Алоэ Гибискус Монстера
Кактус Замиокулькас Гардения Спатифиллюм
Алоэ Бегония Пальмалар Фикус
Жасмин  Каланхоэ Бегония Антуриум
Гузмания Драцена Лимон, мандарин Гузмания
Антуриум      
Каланхоэ    
Гибискус    
Монстера      
Замиокулькас    
Лимон, мандарин      
Драцена      
Спатифиллюм      
Фикус      
Гузмания      

 

ІІІ.Жаңа сабақ.

Қызығушылықты ояту

 Бейнефильм «Бөлме өсімдіктерінің  ерекшеліктері, қызықты  мінез-құлықтары»  

  • Балалар бөлмесіне шегіргүлдерді (фиалка) орналастырсаңыз, олардың жеткіншектің өсіп — жетілу уақытындағы көңіл күйін бір қалыптылыққа бейімдейді. Ғалымдардың пайымдауынша, фиалка (шегіргүл) өз қожайынын жақсы көретіні соншалықты, ол басқа жаққа кетсе, қатты сағынады екен.
  • Ең жағымды гүлдердің бірі – қазтамақ (герань) деп есептелінеді. Қазтамақ тұрған бөлмеде ұрыс — керіс те болмайды, ал бола қалған жағдайда өсімдік адамның жүйке жүйесіне әсер ететін зат бөле бастайды. Содан ұрысып қалғандар тез татуласып кетеді екен. Сонымен қатар қазтамақ бірінші суармаса, кәдімгідей «ренжитін» көрінеді. Өзінің ренішін ол көпке дейін гүл ашпай тұру арқылы білдіреді.
  • Ұсақ жапырақты бұрыштар мен хризантемалар отбасындағы, жұмыс орнындағы адамдардың бір — біріне деген жақсы қарым — қатынастың қалыптасуына әсер етеді.
  • Бөлмеңізге гүл жапырақтарының жалпақ, домалақ тәріздес түрлерін көп өсіріңіз. Олар сіздің үйіңізге табыс, ақша келуіне әсер етеді.
    ●Мысалы, кактусқа «түу, түрі құрсын, қандай сүйкімсіз» деп айтқан сәтте — ақ құрамында алкогольдік қоспалар бар улы зат бөліп шығарады екен. Бұл зат адамды ішімдікке итермелейтін көрінеді. Содан адам ішімдікке әуестеніп кететін кездері болғанын ғалымдар анықтаған.

Ескерту:  сондықтан бөлме өсімдіктерін ешқашан ренжітпей, оларды дұрыс күтіп-баптап, ерекше қамқор болу қажет.

 

 

 

 Презентация  «Шипалы, дәрілік өсімдіктер»

Шипалы, дәрілік өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер.  Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.

Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба қайнатынды, шайұнтақ, т.б. түрінде қолданылады.

Әбу — Насыр — Әл Фараби қазақ халқының медицинасының дамуына әсер етіп, дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40 -%- ы өсімдіктен дайындалады екен.

Қазіргі кезде шөппен емдеу әдіс — тәсілдері кеңінен қолданылып жүр. Үй жағдайында кеңінен қолдануға жеткілікті. Ол үшін «дәрісіз ем — дом» дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек . Шипалы өсімдіктер қатарына әртүрлі сәнді өсімдіктер де жатады, өйткені  олардың көпшілігі жан жадыратарлық әдемілігімен  адамның көңіл күйін көтерсе, кейбірулері бойындағы физиологиялық сергек заттардың арқасында  денсаулығымыздың серігі де бола алады.

«Кім тапқыр» ойыны

Кактус өсімдігі — радиациялық сәуелерді жақсы сіңіреді, оларды компьютер және теледидар алдына қойса адамға зиянды сәулелерді өзіне қабылдайды.

Спатифиллум —  адамға көтеріңкі көңіл мен өзінің әсем жапырақтары арқылы таза ауа сыйлайды. Бұл өсімдік өз иесін жақсы көргендігі соншалық үнемі иесінің көңіл күйі жақсы болса өзінің әсем гүлдерін  үздіксіз ашуға дайын екен. Бөлмедегі ылғал ауаны өзіне жинап бөлмені құрғатып тұрады.

Алоэ  өсімдігінің  жапырағынан бөлінген сөлді әр түрлі дене жараларына, асқазан, ішек жолдарын тазарту мақсатында, косметикалық заттар алуға пайдаланады.

Қазтамақ бөлме өсімдігінің  жапырақтарынан шығаратын исінің өзі адамның имундық жүйесін жақсартады. Жапырақтарынан  тұмау, құлақ ауырғанда, мұрын бітелгенде таптырмас дәрі жасауға болады.

Каланхоэ өсімдігінің жапырағының сөлінен дәрі жасауға болады. Дәріні асқазан жарасын, асқынған жараларға жағуға, сонымен қатар қан қысымы көтерілгенде пайдаланады.

Бегония өсімдігінің тұқымынан тыныштандырғыш  және  ауырған жерді басатын, аллергияға қарсы әсері бар фармацептика саласында  дәрі жасайды.

Лимон жемісінің шырынында С дәрумені көп болғандықтан әр түрлі инфекцияларға және бактерияға  қарсы тұру әсері күшті.Ұстамалы аурулармен ауырып қалған жағдайда имунитетті  қалыпқа келтіреді. Қан қысымы көтерілгенде, бүйрекке тас жиналу,өт қабы ісінгенде таптырмас ем.

Антурим өсімдігінің жүрек айнығанды басатын, іш өткенде, тері ауруларын емдейтін қасиеттері бар.

Амараллис  өсімдігінің бүйректің қабынуын жақсартатын, жүрек айнуды басатын  емдік қасиеттері бар.

 

 

 

ІV. Сарамандық жұмыс.

  • Қажетті  құрал — жабдықтар пайдалана отырып шипалы бөлме өсімдігінен тұнба дайындау (алоэ, қазтамақ, гибискус, каланхоэ).
  • Емдік қасиетіне тоқталу.

 

Тәбетті ашады                  Имунитетті көтереді                Бронхит

 

 

Туберкулез                                                            Пневмония

 

 

Күйік шалу

 

Гүлі мен жапырағы                Қан тоқтату                       Экзема

 

 

 

Ісік аурулары                                                          Угри

 

 

Язва

V.Сабақты бекіту.

Сөйлемді жалғастырыңыз.

  • Маған бүгінгі сабақтан ұнағаны…………………………………………..
    • Бүгін әріптестермен………………………………….жайлы ой — бөлістік
    • Мен бүгін………………………………………………….. екенін түсіндім
    • Маған……………………………………………………….. түсіну қиын болды.
    • Мен………………………………………………………….. жайлы толығырақ білгім келеді.

 

VІ.Қорытынды.

Ауру — сырқаулармен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі — дәрмектердің қайнар көзі – ұлы табиғаттағы өсімдіктер дүниесі. Олай болса, өз үйімізде  өсіп жатқан дәрілік өсімдіктерді танып, біліп, зерттеп ауруымызға шипа іздейік.

 

VІІ.Үйге тапсырма

Өзіміз тұратын үйіміздегі  бөлмеде өсетін бөлме өсімдігінің атауын тауып,емдік, шипалы қасиеттері туралы мәліметтер тауып  жазып келу.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *