Открытый урок: «Эволюция дәлелдемелері»

Смагулова Әйгерім Қазбековна

Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы,

Қорғалжын мектеп-гимназиясының

биология пәнінің  мұғалімі

Мақсаты:  Оқушыларға органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері жайында түсінік бере отырып, оқушылардың білімін жетілдіру, оқушыларға білім бере отырып, топпен жұмыс істей білуге, ұйымшылдыққа, жан-жақтылыққа,ұқыптылыққа, әдептілікке, табиғатты сүюге баулу.
Күтілетін нәтиже: Эволюцияның дәлелдемелерінің түрлерімен танысады, олардың ерекшеліктерін біледі.

Анықтамалар мен терминдермен жұмыс жасайды.

Эволюцияның дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбегін біледі.

Эволюциялық дәлелдемелерге мысалдар келтіріп, дәлелдейді.

Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Әдіс-тәсілдер: СТО стратегиялары, АКТ, диалогтық оқыту,зертеушілік әңгіме,топтық, жеке жұмыс.
Сілтеме: Биология оқулығы, интернет, электронды оқулық.
Дерек-көздер мен жабдықтар: Ресурстық парақтар, бағалау парақтары,   стикер,маркер,интерактивті тақта.
Түйінді түсініктер. Гомологиялық мүшелер, аналогиялық мүшелер, рудименттер, атавизм, эмбриология, палеонтология
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті . Тапсырма мазмұны Оқушының іс-әрекеті
Кіріспе

 

3 минут

Оқушылармен амандасу, түгелдеу.  Сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау. Оқушыларды психологиялық дайындау.

 

Топқа бөлу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Психологиялық тренинг. Оқушылар хормен:

Адамнан ғылым — айла асырмаған,

Құпиясын құлыптап жасырмаған.

Кел, бәріміз ғылымның тілін зерттеп,

Бір жұмбағын ашайық ашылмаған!

 

Геометриялық фигуралар арқылы.

 

Мұғаліммен сәлемдесу,

Кезекшілік қызметін атқару.

Сабаққа зер салу.

Сабаққа даярланады, жинақталады. Ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.

Топқа бөлінеді.

Бағалау парақтарын алады.

Тұсаукесер

7 минут

Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Үй тапсырмасын тексеру.

 

 

 

 

 

 

 Үй тапсырмасын тексеру:

1топ: Анықтама мен терминдерді сәйкестендіру

2 топ: ғалымдарды анықта

3-топ: Эволюциялық көзқарастың қалыптасуын дәлелдеу

4-топ: тест

 

1-топ оқушылары  өткен тақырыптардағы берілген терминдермен анықтамаларды сәйкестендіреді.

2-топ оқушылары  өздеріне берілген ғалымдарды еңбектеріне  қарай анықтайды.

3-топ оқушылары берілген мәтін мен суретке қарап  эволюциялық көзқарастың қалыптасуын дәлелдейді

4-топ оқушылары тест орындайды.

Негізгі бөлім Маршруттық карта үлестіреді. Жас ғалымдар эволюцияның дәлелдемелері туралы ақпарат жинап, ғылыми зерттеу орталығына әкелу.

І топ:  морфологиялық дәлелдемелер

ІІ топ:эмбриологиялық дәлелдемелер.

ІІІ топ: палеонтологиялық дәлелдемелер

ІҮ топ: биогеографиялық дәлелдемелер

Тапсырма №1  13 минут

Ждиксо әдісі.

Тапсырма №2  7 минут

Сыни тұрғыдан ойлау, Блум таксономиясы

( қолдану)

Танымымызды танытайық!

1-топ: гомологиялық мүшелердің мысалдары, суретпен жұмыс

2-топ: биологиялық диктант

3-топ: кесте толтыру

4-топ: биологиялық диктант

Тапсырма №3  4 минут

Ойлан, тап

1-4 топ: карточкамен жұмыс

Оқушы дайындап келген презентацияларын қорғайды.

Оқушылар дәптерге жаңа терминдер мен ұғымдардың анықтамасын жазады.

Топтасып тапсырмаларды орындау, өз ойларын ортаға салу. Постер арқылы қорғайды.

Спикерлер құрастырған постерлерімен мысал келтіріп түсіндіреді.

Топ басшылары формативті бағалап отырады.

 

Тапсырма орындайды

 

Қорытынды

3 минут

 

 

Бағалау  2 минут

 

Үйге тапсырма 1минут

Рефлексия  1 минут

Эволюцияның дәлелдемелері  3 минут

 

Бағалау критерийлері бойынша бағалау

6 минут

Кесте толтыру

Постерге жазу

 

Бағалау бойынша әр топ өз пікірін қорғайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *